10.07.2018, 13:22 4284

Қазақстандық және ресейлік мамандар зымыран тасығыш сынықтарыныӊ құлаған аймағында экологиялық тексерулерді қолға алды

2018 жылдыӊ 10 шілдесінде Астана уақыты бойынша сағат 03.51-де "Прогресс МС-09" транспорттық-жүк кораблі мен "Союз-2.1а" зымыран тасығышыныӊ ұшырылымы жүзеге асырылды.

Астана. 10 шілде. Kazakhstan Today - Қазақстандық және ресейлік мамандар бүгін таӊертеӊ ұшырылған зымыран тасығыштыӊ бірінші сатысыныӊ құлаған аймағында экологиялық тексерулерге кірісіп кетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"2018 жылдыӊ 10 шілдесінде Астана уақыты бойынша сағат 03.51-де "Прогресс МС-09" транспорттық-жүк кораблі мен "Союз-2.1а" зымыран тасығышыныӊ ұшырылымы жүзеге асырылды. "Прогресс МС-09" транспорттық-жүк кораблі мен "Союз-2.1а" зымыран тасығышыныӊ ұшырылымы қалыпты режимде іске асырылды және оныӊ бірінші сатысыныӊ бөлшектері тағайындалған құлау аймағыныӊ шегінде құлады, деп хабарлайды "Ғарыш-экология" Ғылыми-зерттеу орталығы" Республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

"Ғарыш-экология" Ғылыми-зерттеу орталығы" Республикалық мемлекеттік кәсіпорны өкілдігініӊ қызметкерлері Байқоӊыр қаласында Байқоӊыр ғарыш айлағыныӊ позициялық ауданында ұшырылымды экологиялық сүйемелдеу жұмыстарын атқарды және "Союз-2.1а" зымыран тасығышына жанармай құю және оныӊ ұшырылымынан кейінгі арнаулы жұмыстар кезінде атмосфералық ауаныӊ және топырақтыӊ сынамасын алуды жүзеге асырды.

"Ғарыш-экология" Ғылыми-зерттеу орталығы" Республикалық мемлекеттік кәсіпорны өкілдігініӊ қызметкерлері Жезқазғандағы құлау аймағында ресейлік тараппен бірлесе отырып зымыран тасығыштыӊ бірінші сатысыныӊ бөлшектері құлаған жерлерді экологиялық тұрғыдан зерттеу жұмыстарына кірісіп, қоршаған орта нысандарынан сынама алды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны