25.07.2016, 23:12 4702

Қазақстандықтар Бразилияға визасыз қатынау мүмкіндігіне ие болды

Келісім Қазақстан-Бразилия ынтымақтастығын дамытуға, сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, мәдени-гуманитарлық, туристік және өзге байланыстарды нығайтуға, әсіресе екі ел азаматтарыныӊ өзара сапарларын барынша жеӊілдетуге бағытталған.

Астана. 25 шілде. Kazakhstan Today. Қазақстандықтар Бразилияға визасыз қатынау мүмкіндігіне ие болды, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.
«2016 жылғы 25 шілдеде ҚР Сыртқы істер министрініӊ бірінші орынбасары Мұхтар Тілеуберді мен Бразилияныӊ Қазақстандағы Елшісі Деметрио Буэно Карвальо Қазақстан Республикасыныӊ Үкіметі мен Бразилия Федеративтік Республикасыныӊ Үкіметі арасындағы екі ел азаматтарыныӊ визасыз сапары туралы нота алмасу нысанындағы келісімге қол қойды. Келісім қазақстандықтарға Бразилияда визасыз 30 күнге дейін болуға мүмкіндік береді»,- делінген хабарламада.
Келісім Қазақстан-Бразилия ынтымақтастығын дамытуға, сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, мәдени-гуманитарлық, туристік және өзге байланыстарды нығайтуға, әсіресе екі ел азаматтарыныӊ өзара сапарларын барынша жеӊілдетуге бағытталған.
«Келісім қазақстандық спортшылар мен азаматтарымыздыӊИ үстіміздегі жылғы 5-21 тамыз аралығында Бразилияныӊ Рио-де-Жанейро қаласында өтетін Жазғы Олимпиада ойындарына қатысуын жеӊілдетеді, сондай-ақ бразилиялықтарға Астанадағы EXPO-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінде «жасыл экономика» саласындағы адамзаттыӊ соӊғы жетістіктерімен танысуға жол ашады» - деді М. Тілеуберді.
«Осы келісім Қазақстан туристер мен іскерлік топтары өкілдерініӊ Бразилияға сапарыныӊ артуына ықпал ететініне сенімдіміз», -Идеді Д. Кавальо өз кезегінде.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны