03.12.2012, 10:35 3077

Қазақстандықтар елімізде ЭКСПО-2017 көрмесін өткізудің маңыздылығын әлі түсіне қойған жоқ

Мұндай пікірін ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қарағанды облыстық әкімдігінде өткен кездесу барысында мәлім етті, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Қарағанды. 3-желтоқсан. Kazakhstan Today - Қазақстандықтар елімізде ЭКСПО-2017 көрмесін өткізудің маңыздылығын әлі түсіне қойған жоқ, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Мұндай пікірін ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қарағанды облыстық әкімдігінде өткен кездесу барысында мәлім етті, деп хабарлады ҚазАқпарат.

"Біздің Қазақстанның көпұлтты халқын тең құқықпен қамтамасыз етіп, ешкімді кемсітпей отырғанымыз барлығымыз үшін игі іс. Біз барлығымыз біргеміз. Осының арқасында әлемде бізге құрметпен қарайды, сондықтан да елімізде ЕҚЫҰ, Ислам әлемінің конференциясы сияқты алқалы жиындар өтті. Енді әлемнің 160 мемлекеті ЭКСПО-2017 көрмесіне дауыс берді. Қазақстандықтар бұл оқиғаның маңыздылығын түсіне де қойған жоқ. Бұл күллі әлемнің аса үлкен сенімі", - деді Н. Назарбаев.

Мемлекет басшысы сондай-ақ көрменің "Болашақ энергиясы" тақырыбында өтетінін еске салды.

"Илемнің 100-ден аса мемлекеті өздерінің павильондарын салатын болады. Баламалы экономика - бұл болашақ. Бұл көрме бізге бүкіл әлемде осы бағытта жасалып жатқан жұмыстарды көрсетуге негізделеді. Баламалы технологияның түрі көп - күн энергиясы, жел энергиясы, жер энергиясы. ЭКСПО-2017 осы тақырып жайлы болады. Бұл біз үшін аса маңызды", - деп атап өтті Н. Назарбаев.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, ҚР Президенті 1-2 желтоқсанда жұмыс сапарымен Қарағанды облысына болды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны