21.04.2008, 14:23 1348

Қазақстандықтар халықтар бірлігі мерекесінде үш күн демалады

Қазақстандықтар халықтар бірлігі мерекесінде үш күн демалады

Астана. 21 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Еңбекшілердің демалысы үшін қолайлы жағдайлар жасау және 2008 жылғы мамырда жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының үкіметі демалыс күнін 2008 жылғы 4 мамыр жексенбіден 2008 жылғы 2 мамыр жұмаға ауыстыру туралы қаулы қабылдады. Бұл туралы агенттікке үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

"Қажетті өнім шығару, қаржылықты қоса алғанда, қызметтер көрсету, сондай-ақ құрылыс объектілерін іске қосу үшін еңбек, материалдық және қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілген ұйымдарға кәсіподақ ұйымдарымен келісім бойынша 2008 жылғы 2 мамырда жұмыс жүргізуге құқық берілген",- делінген хабарламада.

Көрсетілген күнгі жұмыс Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өтеледі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны