27.05.2014, 22:36 2640

Қазақстандықтар паспорт пен жеке куәлікті кез келген ХҚКО-дан ала алады

Қазақстандықтар паспорт пен жеке куәлікті алу үшін тұрғылықты жеріндегі немесе тіркелген мекенжайы бойынша орналасқан ХҚКО-мен қатар, еліміздің кез-келген халыққа қызмет көрсету орталығына құжат тапсыра алады, деп байланыс және ақпарат агенттігінен хабарлады.

Алматы. 27 мамыр. Kazakhstan today. Қазақстандықтар паспорт пен жеке куәлікті алу үшін тұрғылықты жеріндегі немесе тіркелген мекенжайы бойынша орналасқан ХҚКО-мен қатар, еліміздің кез-келген халыққа қызмет көрсету орталығына құжат тапсыра алады, деп байланыс және ақпарат агенттігінен хабарлады.

"Бұл механизм ҚР Ішкі істер министрлігімен белсенді түрде талқыланып, іске асырылды. Бүгінгі күні барлық мәселелер реттелді және ХҚКО-дағы көші-қон полициясының қызметкерлері тұрғындардан жаңа куәлік немесе паспорт рәсімдеу үшін құжат қабылдауды бастады", - деді ҚР Байланыс және ақпарат агенттігінің Электрондық қызметтерді және халыққа қызмет көрсету орталықтарын дамыту департаментінің директоры Абылайхан Оспанов.

Сондай-ақ, Агенттіктің тұрғындар арасында үлкен сұранысқа ие мемлекеттік қызметтерді де тіркелген жері немесе тұрғылықты жеріне байланыстырмай-ақ,

Айтып өту керек, азаматтың жеке басын куәландыратын жаңа құжатты алуға өтінімді аты-тегін ауыстырған, құжат бүлінген, паспортты жоғалтқан, құжаттың мерзімі өтіп кеткен және т.б. жағдайларда тұрғылықты және тіркелген мекенжайына қатыссыз, кез-келген ХҚКО-на беруге болады. Ал, қосымша тексеру жүргізу немесе шешім шығару қажет болған жағдайда жаңа құжат азаматтың тіркелген мекенжайы бойынша ғана беріледі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны