14.06.2012, 18:20 3436

Қазақстандықтарды "электрондық үкімет" порталымен жұмыс жасауға үйретеді

Қазақстанда eGov.kz порталымен жұмыс жасауға үйретуге арналған оқу семинары басталды, ол ағымдағы жылдың қараша айына дейін 80 елді мекенді қамтитын болады. Бұл туралы "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

Астана. 14-маусым. Kazakhstan Today - Қазақстандықтарды "электрондық үкімет" порталымен жұмыс жасауға үйретеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстанда eGov.kz порталымен жұмыс жасауға үйретуге арналған оқу семинары басталды, ол ағымдағы жылдың қараша айына дейін 80 елді мекенді қамтитын болады. Бұл туралы "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

Мәселен мекен -жай анықтамасын алу үшін азамат орташа алғанда жолға кететін уақыт пен ХҚКО кезек күтуін есептегенде шамамен бір сағат уақытын жұмсайды. Ал Интернет арқылы "Электрондық үкімет" порталы бойынша қажетті анықтаманы алуға 3-5 минут уақыты шығындалады. Мұндай жаңашылдықты қалай қолдану керектігі ұйымдастырылып отырған семинарда түсіндіріледі.

Мұндай семинарды ҚР Көлік және коммуникация министрлігі "Зерде" ұлттық инфокоммуникациялық холдингінің қолдауымен "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ компаниясы өткізеді.

Бағдарламаның мақсаты - қазақстандықтарға е - үкіметті дамыту туралы ғана айтпай, порталдың негізгі мүмкіндіктерін қолдануға үйрету. Мысалы, курс тыңдаушыларына Интернет арқылы жылжымайтын мүлікке қатысты анықтама алу, некені тіркеуге өтініш беру, балабақша кезегіне тұру немесе салық пен айыппұлды қалай төлеуге болатыны көрсетіледі. Үш академиялық сағат ішінде оған қатысушылар үйден шықпай-ақ мемлекеттік және коммерциялық қызмет түрін пайдаланудың қарапайымдығына көз жеткізеді.

Өзінің қызметкерлерін аталған қызмет түрін пайдалануға үйреткісі келетін жұмыс берушілер үшін маманды кеңсеге шақырту мүмкіндігі қарастырылған.

Сонымен қатар семинарға қатысқысы келетін кез -келген азамат 1414 телефоны арқылы тегін хабарласып, өтініш бере алады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны