20.06.2014, 20:03 2955

Қазақстандықтардың прокуратураға жазған өтініштері ХҚКО арқылы қабылданады

Бас прокуратура "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы қабылдау" пилоттық жобасын іске қосты.

Алматы. 20 маусым. Kazakhstan today. Бас прокуратура "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы қабылдау" пилоттық жобасын іске қосты.

Жоба Астана қаласының халыққа қызмет көрсету орталықтарында сынақтан өткізіледі, олар бүгінде Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына және Астана қаласының прокуратура органдарына (Астана қаласының, Алматы, Сарыарқа, Есіл аудандарының прокуратуралары) жолданған өтініштерді қабылдай бастады, деп Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.

Енді арызданушылар жеке куәлікті ұсыну арқылы елорданың кез-келген халыққа қызмет көрсету орталығында жазбаша өтініш беріп, оған жауап ала алады.

Өтініштерді қабылдау рәсімі аяқталған соң сотпен куәландырылған сот актілерінің көшірмелері, қағаз нұсқадағы немесе электрондық ақпарат тасығыштардағы (флэшкалар, дискілер) өзге өтініштер қоса берілген қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша сот актілеріне наразылық білдіру туралы өтінішхаттарды қоспағанда өтініштердің қағаз нұсқалары арызданушыларға қайтарылып беріледі.

Осы жоба азаматтардың прокуратура органдарына өтініш беруін оңайлату, бұзылған құқықтарын дереу қалпына келтіру мақсатында әзірленген. Сондай-ақ жоба прокуратура органдарында қағаз құжат ағынын азайту жолымен құжат айналымын одан әрі оңтайландыруды көздейді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны