12.10.2006, 12:57 12956

Қазақстандықтарға отаншылдық тәрбие берудің үш жылдық мемлекеттік бағдарламасы бекітілді

АСТАНА. 12-қазан. Kazakhstan Today. Мемлекет басшысы "2006-2008 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының азаматтарына отаншылдық тәрбие берудің мемлекеттік бағдарламасы туралы" жарлықа қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Мемлекеттік бағдарлама азаматтарға патриоттық тәрбие берудің тұтас жүйесін құру мақсатында қабылданған.

ҚР үкіметіне бір айдың ішінде бағдарламаны іске асырудың іс-шаралар жоспарын әзірлеп, бекіту тапсырылған. Орталық және жергілікті атқарушы органдарға, сондай-ақ ҚР президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдарға бағдарламаны іске асыру жөніндегі шараларды қабылдау міндеттелді.

ҚР білім және ғылым министрлігі жарты жылда бір рет президент әкімшілігі мен ҚР үкіметіне бағдарламаны іске асырудың барысы туралы ақпарат берулері тиіс.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны