13.06.2007, 13:29 1454

Қазақстанға 24 тонна көкөністі заңсыз енгізбек болған Өзбекстанның 7 азаматы ұсталды

АСТАНА. 13-маусым. Kazakhstan Today. Қазақстанға 24 тонна көкөністі заңсыз енгізбек болған Өзбекстанның 7 азаматы ұсталды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз орталығынан хабарлады.

"Іздеу тобы "Қақпақ" шекара заставасында шекара күзеті кезінде үш КамАЗ жүк автокөлігімен Өзбекстанның жеті азаматын ұстады",- деп хабарлайды баспасөз қызметі. Шекарашылар әлгілердің мемлекеттік шекарадан өткізу бекетін айналып заңсыз өткенін қосты.

"Тексеру кезінде автокөліктерден жалпы салмағы 24 тонна контрабандалық көкөніс шықты",- дейді баспасөз қызметіндегілер.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны