08.04.2014, 20:31 9400

Қазақстанға Бахрейн Корольдігінің шейхы келеді

"Мемлекет басшысының шақыруымен 13-15 сәуірде елімізге ресми сапармен Бахрейн корольдігінің шейхы Хамад бен Иса аль-Халифа келеді. Бұл өте маңызды, тұңғыш рет жасалғалы отырған іс-сапар", - деді А. Ибибуллаев.

Алматы. 8 сәуір. Kazakhstan today. Бахрейн Корольдігінің шейхы Қазақстанға ресми іс-сапармен келеді. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Ибибуллаев мәлім етті.

"Мемлекет басшысының шақыруымен 13-15 сәуірде елімізге ресми сапармен Бахрейн корольдігінің шейхы Хамад бен Иса аль-Халифа келеді. Бұл өте маңызды, тұңғыш рет жасалғалы отырған іс-сапар", - деді А. Ибибуллаев.

Оның айтуынша сапар барысында шейх Мемлекет басшымен де кездеседі деп жоспарлануда.

" Осы сапар аясында сауда-экономикалық, саяси, инвестициялық басқа да мәселелер қарастырылады. Шейхпен бірге екі жүзден астам адам келеді", - деді ресми өкіл.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны