26.04.2010, 12:33 1459

Қазақстанға Қырғызстаннан қару енгізілу дерегі тіркелген жоқ - ҚР ІІМ

Қазақстанға Қырғызстаннан қару енгізілу дерегі тіркелген жоқ - ҚР ІІМ

Астана. 26 сәуір. Kazakhstan Today - Қазақстанға Қырғызстаннан қару енгізілу дерегі тіркелген жоқ. Бұл туралы бүгін ҚР Ішкі істер министрі Серік Баймағанбетов "Қазақстан Республикасындағы қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті сақтаудың жай-күйі туралы" деген тақырыпта Ішкі істер министрлігінде өткен үкімет сағатының көшпелі отырысында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Қырғызстандағы тәртіпсіздіктер бастала салысымен біз қазақ-қырғыз шекарасын толық жаптық", - деді С. Баймағанбетов.

Оның айтуынша, "бүгінгі күні еліміздің оңтүстік өңірлеріндегі қылмыстық ахуал тұрақты. Ешқандай да ауыр қылмыс, немесе ауыр қоғамдық тәртіпті бұзу оқиғалары тіркелген жоқ", - деді министр.

"Ал Қырғызстанмен арадағы шекарада шоғырланған-мыс делінген қару-жарақ пен есірткі мәселесіне келсек, олар қазір еліміздің аумағына өтіп жатқан жоқ. Шекара әскерлері, полицияның, ішкі әскерлердің күшейтілген жасақтары шекараны толық бақылауда ұстап отыр", - деді министр.

Оның айтуынша, "Қазақстанға Қырғызстаннан қару енгізілу дерегі тіркелген жоқ ". "Бірақ көрші мемлекетпен арадағы шекарада көп мөлшерде қару-жарақ шоғырлану проблемасы бар, оның Қазақстан аумағына өтіп кету қаупі жоқ емес", - деді С. Баймағанбетов.

"Көрші мемлекетте қоғамдық-саяси ахуал тұрақтанғаша біз күшейтілген жұмыс тәртібінде қызмет атқара береміз", - деді министр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны