19.01.2019, 22:28 6121

Қазақстанға Ресейдіӊ Приморский өлкесі аумағынан аусылға байланысты мал, шикізат, өнімдер мен жем енгізуге тыйым салынды

2019 жылғы 14 қаӊтардан бастап аусылға бейім жануарларды, сиыр етін, шошқа етін, қой етін, сүт және сүт өнімдерін, дайын өнімдерді, тағамға қолданылмайтын шикізаттар мен бұйымдарды, аусылға бейім малдарды ұстауға, союға және өӊдеуге қолданылған жабдықтарды, жем және азықтық қоспаларын кіргізуге уақытша шектеулер енгізеді

Астана. 19 қаӊтар. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Халықаралық эпизоотиялық бюросыныӊ ресми нотификациясы негізінде 2019 жылғы 14 қаӊтардан бастап Қазақстан Республикасына Ресей Федерациясыныӊ Приморский өлкесі аумағынан аусылға бейім жануарларды, сиыр етін, шошқа етін, қой етін, сүт және сүт өнімдерін, жылулық өндеуден өткен дайын өнімдерді қосқанда, бейім жануарлар союдан алынған тағамға қолданылмайтын шикізаттар мен бұйымдарын, аусылға бейім малдарды ұстауға, союға және өӊдеуге қолданылған жабдықтарын, жануарларға арналған азықтар мен азықтық қоспаларын кіргізуіне уақытша шектеулер енгізеді. Бұл туралы ҚР АШМ баспасөз қызметі хабарлады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны