27.12.2016, 15:42 3674

Қазақстанға Су-30СМ жойғыштарыныӊ партиясы жеткізілді

Су-30СМ әуе нысаналарын, сондай-ақ, жерүсті және суүсті объектілерді жою бойынша тапсырмаларды шешеді. Қару-жарақтыӊ кеӊ түрімен және борттық радиоэлектронды құрылғыныӊ заманауи кешенімен жабдықталған.

Астана. 27 желтоқсан. Kazakhstan Today - Қарулы Күштердіӊ жауынгерлік құрамы 4++ үлгідегі СУ-30СМ заманауи көп функционалды жойғыштарыныӊ кезекті партиясымен толықты. Өзініӊ ұшу және тактика-техникалық сипаттамалары бойынша бүгінгі таӊда әлемдік ғылыми-техникалық ілгерілеудіӊ шыӊында әуе құрастыру саласындағы 5-ші үлгідегі ұшақтарға шындап жақындатылған,- деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігініӊ баспасөз қызметі.

Ұшақ қарсыластыӊ ақпараттық және атыспен қарсы іс-қимыл жасау жағдайында тәулік бойы, кез келген ауа райында базадан едәуір қашықтықта жауынгерлік тапсырмалардыӊ кеӊ спектрін орындауға қабілетті. Су-30СМ әуе нысаналарын, сондай-ақ, жерүсті және суүсті объектілерді жою бойынша тапсырмаларды шешеді. Қару-жарақтыӊ кеӊ түрімен және борттық радиоэлектронды құрылғыныӊ заманауи кешенімен жабдықталған.

"Аталмыш жойғышты ойдағыдай меӊгеру үшін техниканыӊ қыр-сырын жақсы біліп, ұдайы өзін-өзі жетілдіріп отыру қажет. Бір жарым жыл ішінде ұшқыштар аталған ұшақты сәтті игерді. Бұған дәлел ретінде бірқатар оқу-жаттығуларға қатысуын атап өтуге болады. Су жаӊа авиациялық техниканыӊ жеткізілуі жалпы алғанда, Қазақстан Қарулы Күштерініӊ ұшулар қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді", - деп авиациялық база командирініӊ тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары подполковник Теміртас Ыбыраев атап өтті.

Су-30СМ ұшақтарыныӊ алғашқы партиясы Қазақстан Искери-әуе күштерініӊ жарақтандырылуына 2015 жылы бұдан бұрын Қазақстан мен Ресей қорғаныс ведомстволарыныӊ басшылары арасында қол жеткізілген уағдаластық шеӊберінде келіп түскенін естеріӊізге сала кетейік.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны