29.12.2006, 11:12 3145

Қазақстанға тізгіні оң жақтағы көліктерді енгізуге тыйым салынды

АЛМАТЫ. 29-желтоқсан. Kazakhstan Today. Қазақстанға тізгіні оң жақтағы автоктерді енгізуге тыйым салынды. Осы жөніндегі қаулыға республика үкімет басшысының міндетін атқарушы Кәрім Мәсімов қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі ресми БАҚ-тарға сілтеме жасап.

Атап айтсақ, республика үкіметінің 2006-жылғы 28-желтоқсандағы "Жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы қосымша шаралар туралы" қаулысында ҚР ІІМ-іне бір айдың ішінде тізгіні оң жақтағы автокөліктерді одан әрі пайдалану мәселелерін реттеуге бағытталған заң жобасын жасап үкіметке енгізу тапсырылды.

Сонымен қатар ішкі істер, көлік және коммуникациялар, индустрия және сауда министрліктеріне 2007-жылдың 1-қарашасына дейін автокөлік құралдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптарды белгілейтін техникалық регламенттің жобасын жасау міндеттелді.

Сонымен қатар еліміздің сыртқы істер министрлігіне ЕурАзЭҚ Интеграциялық комитетіне елімізге тізгіні оң жақтағы автокөліктерді енгізуге тыйым салынғаны туралы хабарландыру жолдау тапсырылды.

Құжатта атап көрсетілгеніндей, бұл қаулы алғаш жарияланған сәттен бастап 30 күннің ішінде күшіне енеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны