29.10.2010, 14:08 4141

Қазақстанға уланған ядролық полигон аумағын оңалту үшін халықаралық көмек қажет

Қазақстанға Семейдегі уланған ядролық полигон аумағын оңалту үшін халықаралық көмек қажет. Бұл туралы International Herald Tribune баспасына берген сұхбатында ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті. Сұхбаттың аудармасын бүгін "Казахстанская правда" газеті ұсынып отыр, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Алматы. 29 - қазан. Kazakhstan Today - Қазақстанға Семейдегі уланған ядролық полигон аумағын оңалту үшін халықаралық көмек қажет. Бұл туралы International Herald Tribune баспасына берген сұхбатында ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті. Сұхбаттың аудармасын бүгін "Казахстанская правда" газеті ұсынып отыр, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Н. Назарбаевтің айтуынша, Орталық Азия аймағында үлкен экологиялық проблемалар бар. "Олардың біріншісі - бұрындары жартымыңдай атом сынақтары жүргізілген Семей ядролық полигоны. Мен өзімнің жирыма жыл бұрын бірінші жарлығыммен полигонды жапқызғанмын, бірақ бізге уланған аумақты оңалту үшін әлі де болса халықаралық көмек керек",- деді елбасы.

"Екінші мәселе Аралдың экологиялық апаты жөнінде болып отыр. Бұрынғы теңіздің түбіндегі кепкен тұз біздің өңірден де шығып кетіп жатыр. Біз Арал теңізінің солтүстік бөлігін қалпына келтіру арқылы жартылай болса да бұл мәселені шешіп бағудамыз. Бұл мәселенің толық шешімін табу үшін ЕЫҚҰ қаржысы қажет",- деп атап өтті ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны