19.05.2010, 14:34 2914

Қазақстанға заңсыз келгені, елден шығудан бас тартқаны және көші-қон заңнамасын өрескел бұзғаны үшін соттың шешімімен елден 1792 азамат шығарылды - ІІМ

Қазақстанға заңсыз келгені, елден шығудан бас тартқаны және көші-қон заңнамасын өрескел бұзғаны үшін соттың шешімімен елден 1792 азамат шығарылды - ІІМ

Астана. 19 мамыр. Kazakhstan Today - Қазақстанға заңсыз келгені, белгіленген болу мерзімінің өтуіне байланысты елден шығудан бас тартқаны және көші-қон заңнамасын өрескел бұзғаны үшін соттың шешімімен елден 1792 азамат шығарылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today Қазақстан Республикасы ІІМ-нің Икімшілік полиция комитетінің хабарламасына сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, тиісті құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасына заңсыз келетін адамдарды анықтау, заңсыз көші-қон арналарының жолын кесу мақсатында 2010 жылғы 11-14 мамыр аралығында ішкі істер органдары "Заңсыз келуші - 2010" республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді.

"Заңсыз келушілердің жүруі мүмкін жерлерді патрульдеу, жолаушылар және жүк пойыздарын, автобустарды, жеңіл және жүк көліктерін тексеру үшін көші-қон, жол, криминалдық полиция қызметкерлерінен ұтқыр топтардың жұмысы ұйымдастырылды. Жүргізілген операцияның нәтижесінде Қазақстан Республикасында болу ережесін бұзғаны үшін 13155 шетелдік әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Заңсыз келгені, белгіленген болу мерзімінің өтуіне байланысты елден шығудан бас тартқаны және көші-қон заңнамасын өрескел бұзғаны үшін соттың шешімімен елден 1792 азамат шығарылды, олардың 26-сы алыс шетел және 1766-сы - ТМД азаматы. Жеке басын анықтау үшін қабылдау-тарату орындарына 1119 азамат орналастырылды,- делінген хабарламада.

"Шетелдік жұмыс күшін тарту мен пайдалану ережесін бұзғаны үшін 243 жұмыс беруші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 3385 қазақстандық өздері шақырған шетелдіктердің болу шарттарын сақтауды қамтамасыз етпегені үшін әкімшілік тәртіпте жазаға тартылды. Иртүрлі қылмыстар жасағандары үшін ТМД-ның 34 азаматы, олардың 2-уі есірткі сақтағаны үшін ұсталды. Іздестіруде жүрген 69 адам, оның ішінде 1-уі қарақшылық шабуыл жасағаны үшін ұсталды. Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 27 қылмыстық іс қозғалды",- деп хабарлайды мекеме.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны