Система Orphus

Қазақстан-иран ынтымақтастығыныӊ болашақ мүмкіндіктері екі ел сыртқы саяси мекемелері басшыларыныӊ кездесуінде талқыланды

14.04.2015, 10:55 2172

Астана. 14 сәуір. Kazakhstan Today - ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовтыӊ Астанаға ресми сапарымен келген Иран Ислам Республикасы Сыртқы істер министрі Мохаммад Джавад Зарифпен келіссөздері өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Тараптар екіжақты саяси, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастығын тереӊдету жолдарын, көпжақты институттар шеӊберіндегі ықпалдастығын және халықаралық күн тәртібініӊ өзекті мәселелерін талқылады, деп хабарлайды www.mfa.kz тілшісі.

Екі мемлекет арасындағы ынтымақтастық пен достықты нығайтуда, сонымен қатар, экономикалық және өӊірлік ықпалдастықты кеӊейтуде Иран президенті Хасан Руханидіӊ 2014 жылы қыркүйекте Қазақстанға сапарыныӊ маӊыздылығы ерекше атап өтілді. Осыған орай, Қазақстан Президентініӊ Иранға жауап сапарын дайындау мәселелері талқыланды.

М. Зариф Иранныӊ ядролық бағдарламасы жөніндегі көпжақты келіссөздер үрдісіндегі Қазақстанныӊ рөлін атап өтіп, 2013 жылы келіссөздер қос раундын өткізу барысында алматылық алаӊын бергені үшін ҚР басшылығына алғысын білдірді.

Келіссөздер жүргізуші халықаралық топ пен Иран аталған мәселе бойынша қортыныды келісімге қол жетуі үшін Қазақстан, ядролық таратпау ісіне зор үлес қосқан ел ретінде, қажетті қолдау көрсетеді деп атап өтті Е. Ыдырысов. ҚР СІМ басшысы келіссөздерге мүше елдердіӊ саяси қалауы сақталып, Иранныӊ ядролық бағдарламасы жөнінде бәріне ортақ келісімге тиісті мерзімде қол жеткізіледі деген үмітін қайта мәлім етті.

Екіжақты экономикалық ынтымақтастық туралы сөз қозғағанда, сұхбаттастар жоғары және жоғарғы деӊгейдегі байланыстардыӊ белсене түсуі елдердіӊ өзара сауда айналымына зор ықпал етті деп мәлімдеді. Ол 2014 жылы 1 млрд. АҚШ доллар құрап, 2013 жылғы көрсеткіштен 1,6 есе асып түсті. Осы орайда тараптар Қазақстан-Түрікменстан-Иран теміржол магистралініӊ ашылуын атап өтіп, елдер арасындағы сауда айналымыныӊ одан әрі өсуіне үміт артты.

Үстіміздегі жылы Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясыныӊ және ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен Иран Сауда-өнеркәсіптік палатасы арасындағы іскер кеӊесініӊ кезекті отырыстары жоспарланып, экономикалық ықпалдастықтыӊ дамуына қосымша екпін береді деп күтілуде.

Сұхбаттастар, сонымен қатар, 2014 жылы қыркүйекте Астрахань қ. өткен Каспий маӊы мемлекеттері саммитыныӊ қорытындылары бойынша келісімдердіӊ орындалу жолдарын және 2016 жылғы Астаналық саммитке дайындық жұмыстарын қарастырды. Каспий теӊізініӊ құқықтық мәртебесі туралы конвенцияға енгізілетін өзара тиімді қағидаларды жасауда кейінгі сындарлы ықпалдастықтыӊ маӊыздылығы атап өтілді.

Келіссөздер барысында халықаралық лаӊкестікпен, экстермизммен, есірткі заттардыӊ заӊсыз айналымы және БҰҰ, АӨСШК, ИЫҰ, ШЫҰ және т. б. секілді түрлі халықаралық пен өӊірлік ұйымдар шеӊберінде екі ел ықпалдастығыныӊ мәселелері талқыланды.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны