13.05.2009, 13:39 1162

Қазақстан-Корея бизнес-форумы барысында өзара ынтымақтастық туралы 11 құжатқа қол қою жоспарлануда

Қазақстан-Корея бизнес-форумы барысында өзара ынтымақтастық туралы 11 құжатқа қол қою жоспарлануда

Астана. 13 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан-Корея бизнес-форумы барысында өзара ынтымақтастық туралы 11 құжатқа қол қою жоспарлануда. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Астанада Корея Республикасының президенті Ли Мен Бакпен кездесуден кейін журналистерге мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Бүгін Қазақстан-Корея бизнес-форумы өткізіледі, оның барысында өзара ынтымақтастық туралы 11 құжатқа қол қою жоспарлануда", - деді Н. Назарбаев.

Елбасының айтуынша, "энергетика, машина жасау, транспорт және құрылыс, телекоммуникациялық технологиялар салаларындағы құжаттарға қол қойылады".

Қазақстан президенті бұған қоса 2011 жыл - Қазақстандағы Корея жылы деп жарияланатынын хабарлады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны