01.04.2015, 22:38 3993

Қазақстан-мажарстандық ынтымақтастық мәселелері ҚР Сыртқы істер министрлігінде талқыланды

Мажарстан Премьер-Министрі Виктор Орбанныӊ Қазақстанға ресми сапары аясында Астанаға келген Мажарстан Сыртқы экономикалық және сыртқы істер министрі Петер Сийяртомен ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов ү. ж. 1 сәуір күні кездесу өткізді

Астана. 1 сәуір. Kazakhstan Today - Мажарстан Премьер-Министрі Виктор Орбанныӊ Қазақстанға ресми сапары аясында Астанаға келген Мажарстан Сыртқы экономикалық және сыртқы істер министрі Петер Сийяртомен ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов ү. ж. 1 сәуір күні кездесу өткізді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Кездесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастық пен халықаралық күн тәртібіндегі кеӊ ауқымды мәселелерін талқыға салды. Е. Ыдырысов екі мемлекет арасындағы әріптестік қарым-қатынасты нығайту мен кеӊейтуге қосқан елеулі үлесі үшін өз әріптесіне алғысын білдірді. Естеріӊізге сала кетейік, ү. ж. 19-20 ақпан аралығында П. Сийяртоныӊ Астанаға ресми сапары орын алып, оныӊ шеӊберінде екі ел сыртқы саяси мекемелері арасында 2015-2016 ж.ж. арналған Жұмыс жоспарына қол қойылған болатын. деп хабарлайды www.mfa.kz тілшісі.

Мажарстан Қазақстанныӊ Орталық-Шығыс Еуропадағы және Еуропалық Одақтағы маӊызды әріптесі болып табылады. Екі мемлекет арасында күрделі мәселелер жоқ, ал халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша ұстанымдары ұқсас немесе бағыттас келеді. Қазақстан және Мажарстан арасындағы саяси үнқатысу еӊ жоғары деӊгейге шыққан. ҚР Премьер-Министрі К. Мәсімовтыӊ 2014 жылғы маусым айында Мажарстанға сапары барысында стратегиялық әріптестік жөніндегі Декларацияға қол қойылып, оныӊ іске асуы екіжақты қарым-қатынасқа оӊ ықпал беруі тиіс.

Сонымен қатар, кездесу аясында Қазақстан-мажарстандық Стратегиялық кеӊестіӊ жемісті жұмысыныӊ маӊыздылығы атап өтілді. Экономика саласында да қажетті келісімдік базаныӊ бар екені айтылды. Астанада "Мажарстан сауда үйі" құрылып, индустрия және инновация жөнінде Жұмыс тобы қызметін бастады.

Е. Ыдырысов ЕО мен ЕАЭО арасында ынтымақтастық орнату мүмкіндігінде Мажарстан рөлін ерекше атап, "Мажарстан екі Одақ арасындағы қарым-қатынасты орнықтыратын көпірлердіӊ біріне айналуы мүмкін" деп атап өтті.

Сондай-ақ, ол Мажарстан Премьер-Министрі В. Орбанныӊ сапары барысында қазақстандық басшылықпен жоспарланған кездесулері ашықтық және өзара түсіністік рухында "сағат салыстыруға" мүмкіндік беріп, Қазақстан мен Мажарстан арасындағы өзара ықпалдастықты кешенді тереӊдетуге айтарлықтай серпіліс беретініне сенімін білдірді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны