08.01.2014, 19:00 2875

Қазақстаннан 10 тонна жанармайды Ресейге асырмақ болған азамат ұсталды

Нақтырақ айтқанда, аталған азамат салмағы он тонна болатын дизельдік жанармайды Қазақстаннан "ЗИЛ-133" автокөлігімен ешқандай құжатсыз алып шығуға әрекет жасады.

Алматы. 8 қаңтар. Kazakhstan today. Ақтөбе шекара отрядына қарасты "Жайсаң авто" өткізу-бақылау бекетінің бақылаушылары шекарадан заңсыз жүк өткізбек болған ресейлік азаматты ұстады, деп хабарлайды ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Нақтырақ айтқанда, аталған азамат салмағы он тонна болатын дизельдік жанармайды Қазақстаннан "ЗИЛ-133" автокөлігімен ешқандай құжатсыз алып шығуға әрекет жасады.

Аталған дерек бойынша Мәртөк ауданының құқық қорғау органдары хабарландырылды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны