23.06.2008, 19:42 2744

Қазақстаннан 50 тонна бидай мен 13 тонна ұнды заңсыз асырып әкету әрекетіне тосқауыл қойылды

Қазақстаннан 50 тонна бидай мен 13 тонна ұнды заңсыз асырып әкету әрекетіне тосқауыл қойылды

Алматы. 23 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстаннан Қырғызстанға 50 тонна бидай мен Өзбекстанға 13 тонна ұнды заңсыз асырып әкету әрекетіне тосқауыл қойылды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі ҚР Шекара қызметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Баспасөз қызметінің хабарлағанындай, Тараз шекара отрядының "Сыпатай батыр" шекара заставасының наряды тіркемесі бар КамАЗбен Қырғызстанға шамамен 50 тонна болатын бидайды заңсыз асырып әкетпек болған Қазақстан азаматын қамауға алған.

Сондай-ақ, Қызылорда шекара отрядының "Қызылқұм" шекара заставасының аумағында 8,5 тонналық контранбандалық ұны бар КамАЗбен Өзбекстанға кетіп бара жатқан ҚР үш азаматы тұтқындалған.

Сонымен қатар, "Мырзакент" заставасының шекарашылары Өзбекстанға 4,5 тонна ұн әкетпекші болған тағы бір қазақстандықты қамауға алған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны