03.10.2016, 15:17 4167

Қазақстаннан "Аманат" фильмі "Оскар" жүлдесіне ұсынылды

Қазақстан "Оскар" жүлдесіне ұсынысты алғаш рет 1992 жылы жасаған рет болатын. 2006 жылдан бері жыл сайын отандық фильмдер ұсынылып келеді.

Астана. 3 қазан. Kazakhstan Today - Қазақстан атынан Сатыбалды Нарымбетовтыӊ "Аманат" фильмі "Шет тіліндегі үздік фильм" категориясы бойынша "Оскар" жүлдесіне ұсынылды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігініӊ баспасөз қызметі.

Тарихи драма ХІХ ғасырда Қазақ хандығындағы еӊ ірі ұлттық қозғалыс болып танылған Кеӊесары Қасымов бастаған көтеріліс кезеӊі туралы ғылыми тұжырымдамалар жасап, нәубетке ұшыраған тарихшы Ермұхан Бекмахановтыӊ тағдыры туралы баяндайды.

Қазақстан "Оскар" жүлдесіне ұсынысты алғаш рет 1992 жылы жасаған рет болатын. 2006 жылдан бері жыл сайын отандық фильмдер ұсынылып келеді.

Еске сала кетейік, ҚР Мәдениет және спорт министрлігініӊ тапсырысы бойынша "Қазақфильм" студиясы түсірген "Аманат" фильмі прокатқа 2016 жылдыӊ 19 мамырында шықты. Ермұхан Бекмахановтыӊ ролін Берік Айтжанов сомдаса, Кеӊесары Қасымұлыныӊ образын Санжар Мәдиев келтірген болатын. Қапшағай маӊында түсірілген фильмде сонымен қатар Карлығаш Мұхамеджанова, Изиз Бейшеналиев, Құралай Анарбекова, Ерден Телемісов, Антон Митнев және Дмитрий Скирта түсті.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны