20.01.2010, 13:25 3020

Қазақстаннан Барнаул қаласына 15 килограмм апиын шығаруға жасалған әрекетке тосқауыл қойылды

Қазақстаннан Барнаул қаласына 15 килограмм апиын шығаруға жасалған әрекетке тосқауыл қойылды

Алматы. 20 қаңтар. Kazakhstan Today - Ресей Федерациясының Алтай аймағында Федералдық қауіпсіздік қызметінің өңірлік басқармасының қызметкерлері Қырғыз Республикасының азаматы мен Алтай аймағында тұратын РФ азаматырн ұстады. Олар Қазақстаннан Барнаул қаласына 15 килограмм апиын шығаруға әрекет жасаған, деп хабарлайды Kazakhstan Today "РосБизнесКонсалтинг" (РБК) агенттігіне сілтеме жасап.

Алтай аймақтық Федералдық қауіпсіздік қызметінің өңірлік басқармасының хабарлауынша, ірі көлемдегі есірткі партиясын Қазақстан аумағынан Алтай аймағының шекаралық өңірінің бір тұрғыны алып кетуге тиіс болған. Ол есірткіні мемлекеттік шекарадағы өткізу бөлімдерінен айналып өтіп, Барнаул қаласына жеткізіге тиіс болған. Бұдан әрі есірткі Алтайда және сібірдің басқа да өңірлерінде сатылуға тиіс болған.

Қазір бұл дерек бойынша РФ Қылмыстық кодексіне сәйкес қылмыстық іс қозғалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны