20.02.2013, 12:58 3115

Қазақстанның 27 моноқаласында стационарлық Кәсіпкерлерді қолдау орталықтары жұмыс жасайды

"27 моноқалада стационарлық КҚО жұмыс жасайды. Қазіргі уақытта 12 стационарлық КҚО ашылған. Бүгін Алматы облысы Текелі қаласында КҚО-ның ресми ашылуы өткізілуде", - деді Л.Ибрагимова.

Астана. 20-ақпан. Kazakhstan Today - Қазақстанның 27 моноқаласында стационарлық Кәсіпкерлерді қолдау орталықтары жұмыс жасайды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ-ның басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова мәлім етті.

"27 моноқалада стационарлық КҚО жұмыс жасайды. Қазіргі уақытта 12 стационарлық КҚО ашылған. Бүгін Алматы облысы Текелі қаласында КҚО-ның ресми ашылуы өткізілуде", - деді Л.Ибрагимова.

Сонымен қатар, облыстық деңгейде елдің барлық өңірлерінде "Даму" қорының өңірлік бөлімшелері негізінде 16 Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы жұмыс жасайды. Қазіргі уақытта осындай орталықтар Алматы мен Шымкент қалаларында ашылған және жұмыс жасап тұр.

Өз алдына аудандық деңгейде 14 мобильдік КҚО жұмыс жасайды. 2012 жылы сәйкес құрал-жабдық сатып алынып, 5 мобильдік КҚО іске қосылған.

Осылайша, барлық өңірлік деңгейлерде кәсіпкерлерге қолдау көрсетіледі.

"ШОБ-ті қолдау инфрақұрылымының үш деңгейлі жүйесі еліміздің өңірлері мен аудандарындағы қызметкерлердің кәсіби деңгейін көтеруге бағытталған. Ол жеке кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік қолдаумен барынша қамтуға мүмкіндік береді және ШОБ-тың тұрақты жұмыс жасайтын субъектілері санының өсуін, халықтың іскерлік белсенділігі мен жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етеді",-деп қортындылады Ләззат Ибрагимова.

Естеріңізге сала кетейік, 2012 жылы ҚР Үкіметі 2012-2020 жылдарға моноқалаларды дамыту бағдарламасы қабылданған болатын. Қатысуға халық саны 1,5 млн адам болатын 27 моноқала таңдап алынған, бұл еліміздегі қала тұрғындарының 16%-ын құрайды. Ир моноқала бойынша ұзақ мерзімге Дамудың кешендік жоспары жасалады.

Аталған бағдарлама ІІ кезеңде жүзеге асырылады: бастапқы кезең (2013-2015 жж. мерзімі) және сенімді өсу мерзімі (2020 ж. дейін). 2020 жылға қарай моноқалалардағы белсенді жұмыс жасайтын шағын кәсіпорындар саны 2011 жылмен салыстырғанда 4 есеге артады деп жоспарланып отыр. Моноқалалардағы табысы күн көріс минимумынан төмен болатын халық үлесі 6%-дан аспайтын деңгейге дейін төмендетіледі, моноқалалардағы жұмыссыздық деңгейі 5%-дан аспайтын болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны