10.12.2018, 01:55 2522

Қазақстанныӊ ақпараттық модельдеу саласындағы жетістіктері 100+ Forum Russia халықаралық форумында ұсынылды

Қазақстандық сарапшылар жобаны сәтті іске асыру үшін негізгі ұғым - құрылыс объектісініӊ өмірлік циклін (ҚОӨЦ) регламенттеу саласында тәжірибемен алмасты.

Алматы. 10 желтоқсан. Kazakhstan Today - Қазақстандық сарапшылар жобаны сәтті іске асыру үшін негізгі ұғым - құрылыс объектісініӊ өмірлік циклін (ҚОӨЦ) регламенттеу саласында тәжірибемен алмасты.

Александр Шахнович, Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институтыныӊ ("ҚазҚСҒЗИ" АҚ) Даму және цифрландыру жөніндегі басқарушы директоры бірегей құрылыстардыӊ құрылысын салу және пайдалануға арналған 100+ Forum Russia халықаралық конгрессініӊ шеӊберінде Қазақстанныӊ құрылыс объектілерініӊ өмірлік циклініӊ бүкіл кезеӊдерінде ақпараттық модельдеу процестерін нормативтік құжаттарда және талаптарда регламенттеу бойынша жұмыстардыӊ қорытындылары туралы баяндамасын ұсынды.

"Ақпараттық модельдеу" және "өмірлік циклді басқару" ұғымдары өзара байланысты және басқарушылық тәжірибеніӊ аспектілері болып табылады. Құрылыс объектілерін іске асыру барысында тәуекелдерді болдырмас үшін құрылыс объектісі өмірлік циклдіӊ қандай кезеӊінде екенін, қандай мүдделі тараптар шешім қабылдау немесе қажетті әрекеттерді жүргізу қажет екендігін түсіну аса маӊызды. Бұл үшін өзекті және анықталған ақпарат қажет, және ВІМ (ҚОАМТ)-да көрінетін тәжірибелер жинағы ғана құрылыс объектісін құру (іздестіру, жобалау және құрылысын салу) барысында талаптарды басқару және қорытындыларды тіркеу үшін ақпараттық алаӊды қауіпсіз және тиімді түрде қалыптастыруға мүмкіндік береді", - деп Александр Шахнович ҚОӨЦ маӊыздылығын түсіндірді.

"ҚазҚСҒЗИ" АҚ Даму және цифрландыру жөніндегі басқарушы директоры "ВІМ мысалындағы ғимараттардыӊ өмірлік циклі" форумы сессиясыныӊ модераторы болып шықты. Сессияныӊ шеӊберінде В.А. Кучеренко атындағы ҚКОҒЗИ, "Құрылыс" ҒЗО" АҚ, "ИНГИПРО", "Құрылыссарапшы" ЗО", "Институт Гипростроймост-Санкт-Петербург", Trimble Solutions Ресей компаниялары өнеркәсіптік кәсіпорын, көпірлік құрылыстар мен жолдарды ақпараттық модельдеу проблематикасы, сондай-ақ OpenBIM тұжырымдамасыныӊ кейбір практикалық аспектілері мысалында құрылыстағы ақпараттық модельдеуді нормативтік реттеу, "жалпы деректер ортасын" қалыптастыру, "активтіӊ ақпараттық моделін" құру саласындағы Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасыныӊ тәжірибесі талқылауға салынды.

Ұйымдастырушылардыӊ деректері бойынша, инвестициялық-құрылыстық қызметтіӊ барлық дерлік мәселелерін қамтитын іс-шараға 10 000-нан аса адам, оныӊ ішінде жобалау және құрылыс саласындағы танымал сарапшылар қатысады. Илемдік таӊбалық сәулет объектілерініӊ авторлары баяндамаларын, ашық дәрістерін және шебер-класстарын ұсынады.

Анықтама

"ҚазҚСҒЗИ" АҚ - өте күрделі инженерлік-геологиялық шарттарымен аудандарды және сейсмикалық қауіпті өӊірлерді қосқанда Қазақстанныӊ құрылыс саласын дамыту саласындағы Қазақстандағы жалғыз мемлекеттік ғылыми-зерттеу және жобалау институты.

Институт 1931 жылдыӊ 7 қыркүйегінде құрылған. Қазақстанныӊ құрылыс нарығында 85 жыл тәжірибесі бар.

"ҚазҚСҒЗИ" АҚ Жалғыз Акционері Қазақстан Республикасыныӊ Иныестициялар және даму министрлігініӊ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті болып табылады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны