24.04.2015, 20:38 3817

Қазақстанныӊ арнайы мақсаттағы бөлімшелері Иорданияда өткен Халықаралық жарыстағы тұӊғыш кубогын жеӊіп алды

ІІ Король Абдулланыӊ "KASOTC" арнайы операциялар оқу-жаттығу орталығында жыл сайынғы 7-ші "Warrior-2015" жарысы өз мәресіне жетті. Бес күн бойы барлығы 19 ел мен 43 команда жауынгерлері командалық 10 кезеӊде және жеке біріншілікте сайысқа түсті

Астана. 24 сәуір. Kazakhstan Today - ІІ Король Абдулланыӊ "KASOTC" арнайы операциялар оқу-жаттығу орталығында жыл сайынғы 7-ші "Warrior-2015" жарысы өз мәресіне жетті. Бес күн бойы барлығы 19 ел мен 43 команда жауынгерлері командалық 10 кезеӊде және жеке біріншілікте сайысқа түсті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Ир кезеӊ бойынша жүлделі орынға ие болған топқа кубоктар табыс етілді. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігініӊ арнайы мақсаттағы бөлімшесі еӊ негізгі және күрделі "Королдік сынақ" кезеӊінде үшінші орынға ие болды. Бұл аталған жарыстағы қазақстандық команданыӊ алған бірінші кубогы. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

"Бұл жүлде келесі топқа ынталандыру болады деп үміттенеміз. Біз жеӊістіӊ тәжірибеде шыӊдалатынына тағы да куә болдық.

Осы жерде біз өз кемшіліктеріміз бен артықшылықтарымызды байқадық. Алдағы уақытта біз кәсіби шеберлігімізді нығайтатын боламыз", - деп атап өтті қазақстандық әскери қызметшілер. Осы жаттығу барысында команда 10 шақырым қашықтықты игеру, яғни қатысушылардыӊ әрқайсысы мергендік және автоматты винтовкадан, пистолеттен, помполық қарудан және королдік топтамадағы пистолеттен нысананы бағындыруы тиіс болды. Аталған кезеӊде арнайы мақсаттағы топ Қытай командасынан екінші атыс бойынша бірнеше балл жіберіп алды.

Жарыстыӊ аяқталу рәсімінде "KASOTC" оқу-жаттығу орталығыныӊ бастығы бригада генералы С.Аль-Забен "Warrior жарысы" өзініӊ кеӊістігін жылдан жылға кеӊейткенін, ал сипаты бойынша жаттығулар ұрыс жағдайымен теӊ екендігін атап өтті. Ендігі "Warrior" жарысы дәл бір жылдан кейін өткізілетінін айта кеткен жөн.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны