15.09.2006, 16:01 3227

Қазақстанның арнаулы қызметі "Аум синрике" ұйымын осы жылдың аяғына дейін еліміз аумағында іс-қызметіне тыйым салынған лаңкестік ұйымдардың тізіміне енгізуді межелеп отыр

АСТАНА. 15-қыркүйек. Kazakhstan Today. ҚР ҰҚК 2006-жылдың аяғына дейін "Аум синрике" ұйымын еліміз аумағында іс-қызметіне тыйым салынған лаңкестік ұйымдардың тізіміне енгізуді межелеп отыр. Бұл туралы бүгін Kazakhstan Today тілшісіне берген сұхбатында ҚР ҰҚК антитеррорлық орталығының штаб бастығының орынбасары Асқар Имірханов құлағдар етті.

А.Имірхановтың айтуынша, "екі ұйымға , соның ішінде "Аум синрике" ұйымына қатысты материалдар Бас прокуратураға енгізілді". "Бұл екі ұйым бойынша еліміздің Жоғарғы соты биылғы жылдың аяғына дейін шешім қабылдайды деп сенеміз",- деді ол.

Арнаулы қызметтің өкілі екінші ұйымның атын атамады. "Бұл жергілікті аймақтық құрылым екенін ғана айта аламын",- деді ол.

"Аум синрике" ұйымына қатысты материалдарды жинақтауға оның елімізде лаңкестік ұйым деп танылуынан мүдделі жапониялық әріптестеріміз көмек көрсетті",- деді штаб бастығының орынбасары.

Оның айтуынша, "Жапония мен басқа да бірқатар елдерде лаңкестік ұйым деп танылған "Аум синрике" ұйымының жұмыс жүргізу дерегі елімізде әшкереленгенін" жеткізді. "Ұйымның бөлімшесін Қызылордада құруға әрекет жасалды. Біз бұл талпынысқа бастапқы кезеңде тосқауыл қойдық",- деді ол.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 2005-жылдың наурыз айында еліміздің сот органдары республика аумағында 11 лаңкестік ұйымның іс-қызмет жүргізуіне тыйым салды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны