27.06.2007, 13:21 2569

Қазақстанның арнаулы қызметтері ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысты көзқарастарын түбегейлі өзгертті - ҚР ҰҚК төрағасының бірінші орынбасары

АСТАНА. 27-маусым. Kazakhstan Today. Қазақстанның арнаулы қызметтері республика өз егемендігін алғаннан кейін ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысты көзқарастарын түбегейлі өзгертіп, жеке тұлғаның қауіпсіздігін қамтамасыз етуді басым бағытқа айналдырды. Бұл туралы бүгін ҚР ҰҚК төрағасының бірінші орынбасары Владимир Божко журналистерге берген сұхбатында пікір білдірді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"КСРО Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті мен арнаулы қызметтер біршама ұзақ уақыт бойы мемлекеттің мүддесін қорғауға жұмыс істеп келді. Қоғам мен азамат мүддесі осыдан кейінгі орындарда тұрды",- деді В.Божко. "Ал қазір біз ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысты көзқарасты түбегейлі өзгертіп, бірінші кезекте жеке тұлғаның, қоғамның, содан кейін ғана мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге көштік",- деді ол.

Оның бағалауынша, "мәселені осы қырынан қою комитет алдында тұрған міндеттерді шешудің ретін ғана өзгертіп қоймай, еліміздің арнаулы қызметінің іс-қызметінің мазмұнына да анағұрлым ықпалын тигізеді".

Сонымен бірге, В.Божконың пікірінше, Қазақстан егемендігін алғаннан кейін ҰҚК-нің іс-қызметі мен мақсаттарының қоғам үшін ашықтығы мен жариялылығы артты. "КСРО Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті КОКП ОК-нің айрықша құпия әрі аса маңызды деп сипаттайтын нұсқамаларына сай жұмыс істеп келді. Соның салдарынан азаматтар ол шешетін мақсаттар мен проблемалардан бейхабар болатын",- деді төраға орынбасары. "Ал ҰҚК-нің 15 жылғы даму барысында мемлекеттілігіміздің жалпы дамуы аясында біз бірқатар заңдардың жобасын жасап, комитет іс-қызметінің ашықтығын қамтамасыз еттік. Нәтижесінде азаматтар біздің жүйенің іс-қызметін реттейтін заңдарға нақты сілтеме жасау мүмкіндігін алды",- деді ол.

В.Божко осы орайда "ҰҚК туралы", "Шұғыл іздестіру іс-қызметі туралы", "Ұлттық қауіпсіздік туралы" заңдарды еске салды. "Осы заңдарға сәйкес азаматтарымыз көптеген мемлекеттік мекемелердің бірі ретінде біздің құрылымның атқаратын функциялары мен мақсат-міндеттерінен хабардар",- деді ҰҚК өкілі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны