15.04.2015, 15:17 3680

Қазақстанныӊ әскери қызметші қыз-келіншектері шетел таблоидтарыныӊ кейіпкерлеріне айналды

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерініӊ әскери қызметші қыз-келіншектері арасындағы бірінші байқау біздіӊ мемлекетіміздіӊ ғана емес, шетел медиа кеӊістігінде де айтулы жаӊалық болды

Астана. 15 сәуір. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерініӊ әскери қызметші қыз-келіншектері арасындағы бірінші байқау біздіӊ мемлекетіміздіӊ ғана емес, шетел медиа кеӊістігінде де айтулы жаӊалық болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Бұдан өзге дауыс беруге Ресей, АҚШ, Германия, Индонезия және Үндістан елдерініӊ тұрғындары қатысып, байқау көптіӊ қызығушылығын тудырып отыр. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Осы аптада Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріндегі әскери қызметші қыз-келіншектер арасындағы республикалық "Батыр арулар" байқауына қатысушылар туралы мақаланы британдық "Daily Mail" ("Дэйли мэйл") таблоиды және неміс ақпараттық күнделікті "Die Welt"газеті жариялады.

Материалдыӊ авторы Саймон Томлинсон байқауға қатысу шарттарын сипаттап, сайтқа бірнеше қатысушылардыӊ суреттерін орналастырды. Сондай-ақ,оқырмандардыӊ бірнеше пікірін жариялады.

Халықтыӊ көзайымына айналған айтулы байқаудыӊ 12 жеӊімпазы 2016 жылғы мамандандырылған күнтізбе арналған кәсіби фотосессияға қатысатынын айта кеткен жөн.Байқаудыӊ нақты қорытындылар 10 мамыр күні белгілі болады және дәл осы күні байқауға дауыс беру аяқталады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны