14.04.2017, 20:30 5977

Қазақстанныӊ әскери қызметшілері Ресей Қарулы Күштерініӊ полигонындағы жедел жиынға қатысты

Ресей Федерациясы Қарулы Күштері Орталық әскери округі қолбасшылығыныӊ 255 түраралық полигонында Орта-Азиялық өӊірде арнайы операцияны жоспарлау және дайындау негіздері бойынша жедел жиын өтті.

Астана. 14 сәуір. Kazakhstan Today - Ресей Федерациясы Қарулы Күштері Орталық әскери округі қолбасшылығыныӊ 255 түраралық полигонында Орта-Азиялық өӊірде арнайы операцияны жоспарлау және дайындау негіздері бойынша жедел жиын өтті.

Жиынға Қазақстан, Ресей, Қырғызстан және Тәжікстанныӊ қорғаныс ведомство өкілдері қатысты. Орталық әскери округ пен ҰҚШҰ Біріккен штабыныӊ өкілдері барлық қатысушыларға дәріс өткізді. Екінші кезеӊде төрт елдіӊ Қарулы Күштерініӊ әскери қызметшілері бірлескен штабтық жаттықтыру барысында жиын тақырыбы бойынша сұрақтар кешенін пысықтады.

Жедел жиынды тиімді өткізу үшін басшылық, сондай-ақ, қолбасшылық пен Орта-Азиялық өӊірдіӊ жылдам өрістету ұжымдық күштерініӊ штабы құрылды. Оныӊ құрамына әрбір қатысушы елдіӊ өкілдері кірді.

Орта-Азиялық өӊірдіӊ ұжымдықжылдам өрістету күштері 2001 жылы ұжымдық қауіпсіздіктіӊ Орта-Азиялық өӊірі ҰҚШҰ мүше мемлекеттердіӊ әскери қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша тапсырмаларды орындау, соныӊ ішінде, сыртқы әскери басқыншылықты тойтару мен лаӊкестікке қарсы операцияларды өткізуге қатысу үшін құрылды. Бұл жылдар ішінде ретке келтірілген бірлескен жүйелі жұмыс және тиімді өзара іс-қимыл қалыптасты. Соныӊ арқасында ОАӨ ҰЖДК өӊірдегі бейбітшілік пен қауіпсіздіктіӊ кепіліне айналды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны