18.05.2016, 18:47 3937

Қазақстанныӊ әскери ұшқыштарына бірінші және екінші сыныпты сыныптылық біліктілігі берілді

ҚР ҚК Иуе қорғанысы күштерініӊ бас қолбасшысы авиация генерал-лейтенанты Нұрлан Орманбетов ҚР Қорғаныс министрі бұйрығыныӊ талаптарын орындау үшін Иуе қорғанысы күштерініӊ ұшқыштарына сыныптық біліктілік берді

Астана. 18 мамыр. Kazakhstan Today - ҚР ҚК Иуе қорғанысы күштерініӊ бас қолбасшысы авиация генерал-лейтенанты Нұрлан Орманбетов ҚР Қорғаныс министрі бұйрығыныӊ талаптарын орындау үшін Иуе қорғанысы күштерініӊ ұшқыштарына сыныптық біліктілік берді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Қазақстан Республикасыныӊ Қарулы Күштері, Иуе қорғанысы күштерініӊ әскери қызметшілері жауынгерлік оқу мен қызметте өздерініӊ жетістіктерімен еліміздіӊ қорғаныс қабілеттілігін нығайту ісіне қомақты үлес қосып, мемлекетіміздіӊ егемендігі мен аумақтық бүтіндігін мызғымастай етіп қорғауда", - деді ҚР ҚК ИҚК бас қолбасшысы авиация генерал-лейтенанты Нұрлан Орманбетов, деп хабарлады Қорғаныс министрлігініӊ баспасөз қызметі.

Искери ұшқыштардыӊ сыныптық біліктілігі - білімдері мен практикалық машықтарыныӊ деӊгейіне сәйкес ұшу құрамы даярлығыныӊ кәсіби деӊгейін, берілген уақытта функционалдық міндеттерініӊ белгілі бір көлемін шебер және жоғары сапада орындаумен сипатталатын айрықша көрсеткіш екенін айта кетейік.

"Бірінші сыныпты әскери ұшқыш" біліктілігі 50185 әскери бөлімініӊ командирі полковник Ермек Сапаров пен штаб бастығы подполковник Ренат Дәрменовке берілді. "Екінші сыныпты әскери ұшқыш" біліктілігін майор Нұрбол Сапарбаев пен Иван Гаврилкоға берді.

Ұшқышқа сыныптық біліктілігін арттыру үшін күндіз және түнде күрделі метеорологиялық жағдайларда белгілі бір сағат санын ұшып өтуі, жауынгерлік қолдануға міндетті санды орындауы қажет. "1-сыныпты ұшқыш" деӊгейіне қол жеткізу үшін жылдар бойы ұдайы ұшу қажет.

Оқу-жаттықтыру ұшуларынан басқа, базалық әуеайлақтарда, ИИК-ніӊ бөлімдерінде жиын даярлығы өткізіледі. Онда әртүрлі бөлімдерден жиналған ұшқыштар авиабазалардыӊ біріне келіп, тәжірибелі нұсқаушы ұшқыштардыӊ жетекшілік етуімен ұшудыӊ анағұрлым күрделі түрлеріне дайындалады. Сонымен, жыл сайын күрделі метеорологиялық жағдайларда ұшуларға екі немесе үш апталық жиындар өткізіледі. Аталмыш жиындар әдетте, күзгі-қысқы және көктемгі-қысқы кезеӊдерде өтеді. Бір жыл бойы арнайы тапсырмаларды орындауға дайындық бойынша жиындар өткізіледі. Мәселен, армиялық авиацияныӊ ұшқыштары жоғары биік таулы алаӊдарға ұшуға, құрлықтыӊ және судыӊ үстіӊгі бетінде іздеу-құтқару жұмыстарына, су ағызу құрылғысымен жұмыс жасау жұмыстарына, өртті сөндіруге қамданады. Жерүсті нысаналар бойынша авиациялық полигондарда оқ атуларды өткізеді. Маӊдайшептік авиацияныӊ ұшқыштарымен күндіз-түні әуе межелері бойынша басқарылатын зымырандарды іске қосу бойынша жиындар өткізіледі. Аталған жиындарда дайындықтан бөлек, әртүрлі ұшу тапсырмаларын орындаудыӊ, тәжірибе алмасудыӊ бірыӊғай әдістемесініӊ әзірленуі жүзеге асырылады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны