28.10.2016, 14:40 3688

Қазақстанныӊ Искери-теӊіз күштері алғаш рет мобильді сүӊгуір кешенімен қамтамасыз етілмекші

Аталмыш кешен Каспий теӊізініӊ суасты айдынын күзетуге арналған. Қазіргі уақытта ғылыми-зерттеу институты осы жабдықты әскери теӊізшілерге тапсыру жөнінде тиісті сынамалар жүргізуде.

Астана. 28 қазан. Kazakhstan Today - "Қазақстан инжиниринг" ҰК" АҚ-тыӊ құрамына кіретін қазақстандық "Гидроприбор" ҒЗИ" алғаш рет ҚР ҚК Искери-теӊіз күштерініӊ арнайы мақсаттағы бөлімшелеріне мобильді сүӊгуір кешенін жеткізіп беруді жүзеге асырғалы отыр, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігі.

Аталмыш кешен Каспий теӊізініӊ суасты айдынын күзетуге арналған. Қазіргі уақытта ғылыми-зерттеу институты осы жабдықты әскери теӊізшілерге тапсыру жөнінде тиісті сынамалар жүргізуде.

Жауынгерлік тапсырмаларды орындаумен қатар су жаӊа мобильді сүӊгуір кешені жабдықталмаған жағалау жағдайларында сүӊгуірлердіӊ жаттығу тұрғысындағы шөгуін қамтамасыз етеді.

Оныӊ құрамына сүӊгуірлік түсулерді қамтамасыз ету құралдары бар модуль, ашық және тұйықтаулы үлгідегі тыныс алу аппараттары мен теӊізде жұмыс жасауға арналған арнайы қайық кіреді. Жеткізілетін кешен жоғары өтімді КАМАЗ автомобилініӊ базасында орналастырылған. Аталған техника жүк автомобильдері мен арнайы техниканы жинау бойынша мамандандырылған "КАМАЗ инжиниринг" АҚ бірлескен қазақстандық-ресейлік өндірушіден сатып алынды.

Жеткізіліп берілетін кешен ҚР ҚМ ИТК бөлімшелерініӊ жауынгерлік әзірлігі мен жауынгерлік қабілеттілігін арттырады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны