01.09.2015, 19:21 4396

Қазақстанныӊ БАҚ өкілдеріне арналған брифинг

Илемдік экономика дағдарысты бастан өткеріп жатқан бүгінгі уақытта әлемдік қаржы институттарыныӊ инвестициялық мүмкіндіктері айтарлықтай азайды. Осындай жағдайда Қытаймен өзара іс-қимыл біз үшін күрделі кезеӊді еӊсерудіӊ қолайлы мүмкіндігі болып саналады, - деді Қазақстан Президенті

Астана. 1 Қыркүйек. Kazakhstan Today - Брифинг барысында Елбасы ҚХР-ға мемлекеттік сапардыӊ маӊызы жоғары екенін атап өтті.

Илемдік экономика дағдарысты бастан өткеріп жатқан бүгінгі уақытта әлемдік қаржы институттарыныӊ инвестициялық мүмкіндіктері айтарлықтай азайды. Осындай жағдайда Қытаймен өзара іс-қимыл біз үшін күрделі кезеӊді еӊсерудіӊ қолайлы мүмкіндігі болып саналады, - деді Қазақстан Президенті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Нұрсұлтан Назарбаев сондай-ақ журналистерге ҚХР төрағасы Си Цзиньпинмен кездесу барысында жасалған екіжақты келісімдер туралы айтып берді. Солардыӊ ішіндегі еӊ ірі жобаларда Павлодар алюминий зауытыныӊ өндіріс қуатын 150 мыӊ тоннаға жеткізу, Маӊғыстау облысында мұнай-газ жабдықтарын шығаратын зауыт құрылысын салу қарастырылады. Бұл туралы Ақорданыӊ баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысы сапардыӊ өзге де қырларына тоқтала келіп, екінші дүниежүзілік соғыстыӊ нүктесі нақ осы Қытайда қойылғанын атап көрсетті.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстандағы маӊызды оқиғаға да тоқталып, депутаттарды Парламент сессиясыныӊ ашылуымен құттықтады.

Мен біздіӊ парламентшілерге табыс тілеймін, оларға Бес институционалдық реформаны заӊнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету үшін белсене жұмыс істеуге тура келеді. Жыл аяғына дейін 57 заӊнамалық акт қабылдау жоспарлануда. Біздіӊ парламенттік фракциялар бұл міндетке зор жауапкершілікпен қарап, елдегі маӊызды жаӊғырту ісіне өз үлесін қосады деп ойлаймын, - деді Қазақстан Президенті.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Білім күнімен құттықтады.

Бүгін 7,5 мыӊ мектеп 2,6 миллион балаға есігін ашты, соныӊ 300 мыӊы - бірінші сынып оқушылары. Біз әрбір бірінші сынып оқушысына меніӊ жеке құттықтауыммен бірге Отанымыз туралы кітап сыйладық, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны