22.01.2010, 19:04 3234

Қазақстанның банктері таза банк қызметімен ғана шұғылдануға тиіс - Нұрсұлтан Назарбаев

Қазақстанның банктері таза банк қызметімен ғана шұғылдануға тиіс - Нұрсұлтан Назарбаев

Астана. 22 қаңтар. Kazakhstan Today - Қазақстанның банктері таза банк қызметімен ғана шұғылдануға тиіс. Бұл туралы Елбасы бүгін Ақордада үкіметтің 2009 жылғы есебі тыңдалған кеңесті ашқан кезде мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Біріншіден, банктер тек таза банк қызметімен ғана шұғылдануы тиіс. Бұл үшін оларды, мейлі сақтандыру бизнесі, қандайда бір өнеркәсіптік нысандар, құрылыс компаниялары болмасын, айқын немесе жасырын аффилиирлік байланыстағы құрылымдардан айыру жағын ойластыру керек",- деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Президенттің айтуынша, бұл - Қазақстанның ресурстары шетелдерге шығып кетпеуі үшін қажет.

Бұған қоса президент үкіметке "бұрынғыдай үстеме кіріске жол бермеу үшін банк маржасын бақылауға алуды" тапсырды.

"Яғни, бұрын базалық ставка жарияланып, сосын оған ілеспе төлемдер таңылатын. Оның бәріне бақылау қойылмады, жеке меншік банктер болған соң оларға жоламаймыз дедік. Ал оның ақыры Қазақстанның халқы мен елдің экономикасына опық жегізгені тіпті де олардың ісі емес секілді. Олардың бар шаруасы - ақша табу", - деді Н. Назарбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны