29.01.2014, 18:27 3703

Қазақстанның барлық облыстарында жаңа кардиоорталықтар салып, әрекеттегілерінің жұмысын кеңейту керек - С. Ахметов

ҚР-да денсаулық сақтау жүйесін жақсарту үшін кардиоорталық салып, әрекеттегілерді үлкейту керек. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің кеңейтілген отырысында Премьер-Министр Серік Ахметов хабарлады.

Алматы. 29 қаңтар. Kazakhstan today. ҚР-да денсаулық сақтау жүйесін жақсарту үшін кардиоорталық салып, әрекеттегілерді үлкейту керек. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің кеңейтілген отырысында Премьер-Министр Серік Ахметов хабарлады.

"Сөзсіз, біздің медицинада белгілі жетістіктер бар, біз оларды мақтан тұтамыз. Ал, олардың кейбіреуін революциялық деп атауға болады. Бұл органдарды ауыстыру бойынша күрделі кардиологиялық операциялардың нәтижесі", - деді С. Ахметов.

Оның айтуынша, 2009 жылы елде 9 мың кардиохирургиялық операция жасалды, ал 2013 жылы 60 операция жүзеге асырылды.

"Дегенмен бізде тапшылық сезіледі себебі операцияға деген сұраныс 20 мың. Бұл істі нақты бағыттау үшін бізге негіз қажет. Ол үшін барлық облыста кардиоорталықтарды көбейту қажет. Бізде әзірше олардың саны 10. Тек қана кардиоорталықтарды ғана емес, кардиокабинеттер мен заманауи қондырғылардың санын көбейту мақсаты бар", - деді Премьер-Министр.

Оның айтуынша, облыстардағы медицина қызметкерлеріне ашық жүрекке операция жасай алатындай жағдай туғызу қажет.

Үкімет басшысы айтқандай, біздің ел үшін қауіпті жағдай түберкулезбен аурушылардың саны көбеюінде.

"Бізде жағдайды өзгертетін барлық мүмкіндік бар. Жағдайдың оң жаққа өзгеруі байқалады. 2003 жылы 165-170 адамға 100 болса, қазір 73 адамнан", - деді С. Ахметов.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны