05.05.2015, 18:56 3887

Қазақстанныӊ барлық өӊірлері әскер қатарына шақырылушыларды салтанатты түрде шығарып салуда

2015 жылғы көктемгі әскерге шақыру науқаны қызу жүріп жатыр. Ағымдағы жылы әскерге шақырылуға жататын жастар медициналық тексеру мен психологиялық тестілеуден өтіп, қызмет ететін жерлеріне аттануға дайын

Астана. 05 Мамыр. Kazakhstan Today - 2015 жылғы көктемгі әскерге шақыру науқаны қызу жүріп жатыр. Ағымдағы жылы әскерге шақырылуға жататын жастар медициналық тексеру мен психологиялық тестілеуден өтіп, қызмет ететін жерлеріне аттануға дайын, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Оларды әскери бөлімдерге жөнелтер алдында еліміздіӊ барлық өӊірлерінде салтанатты шығарып салу рәсімдері өткізілуде. Бұл елімізде игі дәстүрге айналды. Алматы және Петропавловск қалалары әскер қатарына шақырылушыларды шығарып салды. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Бүгін аталған рәсім Ақтөбе қаласында өтеді. Бұл жерде "Батыс" өӊірлік қолбасшылығыныӊ 41433 әскери бөліміне әскери борышын өтеуге шығарып салатын 40 ақтөбелік жасқа арнап ҚР Тұӊғыш Президенті саябағында мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.

Искер қатарына шақырылушыларды шығарып салу рәсіміне Ұлы Отан соғысыныӊ ардагерлері, Ауғанстан соғысына қатысушылар мен жауынгер интернационалистер, екі мәрте Кеӊес Одағыныӊ батыры Талғат Бигелдинов атындағы Иуе қорғанысы күштері әскери институтыныӊ курсанттары, әскери-техникалық мектептіӊ тәрбиеленушілері, қаланыӊ жоғарғы және арнаулы орта оқу орындарыныӊ студенттері, әскери-патриоттық клубтардыӊ мүшелері келеді.

Жас жігіттер үшін бұл толқу мен жауапкершілікке толы сәт. Искери ант қабылдағаннан кейін олардыӊ әрбірі ресми түрде Қазақстан Қарулы Күштерініӊ бір бөлігі болып саналып, армия қатарында туған ел мен халыққа қызмет ететін болады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны