01.02.2010, 17:05 3486

Қазақстанның бас дәрігерлері Біртұтас ұлттық денсаулық сақтау жүйесінің кемшіліктерін атап көрсетуде

Қазақстанның бас дәрігерлері Біртұтас ұлттық денсаулық сақтау жүйесінің кемшіліктерін атап көрсетуде

Астана. 1 ақпан. Kazakhstan Today - Қазақстанның бас дәрігерлері Біртұтас ұлттық денсаулық сақтау жүйесінің кемшіліктерін атап көрсетуде. Бұл туралы Қазақстанның үкімет басшысы Кәрім Мәсімов бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде өткен алқа мәжілісінде мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Біртұтас ұлттық денсаулық сақтау жүйесінде кемшіліктер болмай қоймайды. Қазір осыған қатысты наразылықтарын маған көбінесе бас дәрігерлер білдіруде. Олар сіздерге ашық айтып отырған жоқ, түрлі амалдармен түрлі дақпырттар таратуда: "Бәрі кепілдендірілген, бұрын жақсы болатын. Оны өзгертіп қандай қажеті бар еді?" деп жүр" - деді Кәрім Мәсімов.

Осыған байланысты ол еліміздің денсаулық сақтау министріне былай деді: "Бұл мәселеде солқылдақтық танытпай, бәрін аяғына жеткізіңіз. Нәтижесінде біз, айналып келгенде, бәрін сол адамдардан жағдайларың жақсарды ма, жоқ па деп сұрайтын боламыз".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны