26.02.2009, 17:36 2895

Қазақстанның Бас прокуратурасы қаржы полициясы қызметкерлерінің Астаналық екі әйел тұрғынды зорлағандығы туралы ақпаратты тексеріп жатыр

Қазақстанның Бас прокуратурасы қаржы полициясы қызметкерлерінің Астаналық екі әйел тұрғынды зорлағандығы туралы ақпаратты тексеріп жатыр

Астана. 26 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанның Бас прокуратурасы қаржы полициясы қызметкерлерінің Астаналық екі әйел тұрғынды зорлағандығы туралы ақпаратты тексеріп жатыр. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының ресми өкілі Сапарбек Нұрпейісов бүгін өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, мәжіліс депутаты Рауан Шаекин кеше Қазақстанның бас прокурорына қаржы полициясы қызметкерлерінің іс-әрекеттеріне құқықтық баға беруді сұрап сауал жолдаған. Ол осы жөніндегі депутаттық сауалын бүгін өткен мәжілістің жалпы отырысында жария етті.

Депутаттық сауал жолдауға ағымдағы жылдың 19 ақпанында "Время" газетінде және басқа да БАҚ-таржа жария етілген ҚР Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес агенттігі қызметкерлерінің 2008 жылдың аяғында және Астанада ақпанның 7-сінен 8-іне қараған түнгі әйел зорлау деректері жөніндегі ақпараттар себеп болған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны