10.06.2008, 09:57 1304

Қазақстанның Бас прокуратурасына 4 күн ішінде 444 өтініш келіп түскен

Қазақстанның Бас прокуратурасына 4 күн ішінде 444 өтініш келіп түскен

Астана. 10 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Маусымның 2 мен 6 аралығында Қазақстанның Бас прокуратурасына 444 өтініш келіп түскен, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

"Бас прокуратураға 444 өтініш келіп түсті. Олардың қатарында жеке тұлғалардың өтініштері, 1 депутаттық сұрау мен заңды тұлғалардың 80 өтініші бар. Прокуратураның төменгі органдарына 188 өтініш жіберілген. Қалғандары Бас прокуратураның құрылымдық бөлімшелерінде шешілу сатысында жатыр", - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны