08.01.2009, 15:37 3128

Қазақстанның Бас прокуратурасына бір аптада 649 арыз-шағым түскен

Қазақстанның Бас прокуратурасына бір аптада 649 арыз-шағым түскен

Астана. 8 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - 2008 жылғы желтоқсанның 22-сі мен 27-сі аралығында Бас прокуратураға жеке тұлғалардан - 532, заңды тұлғалардан - 117 арыз-шағым түскен,- деп хабарлайды агенттік тілшісі осы органның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, олардың 177-сі төменгі буындағы прокуратураларға жолданған. Қалғандары Бас прокуратураның құрылымдық бөлімдерінде шешімдер күтіп жатыр,

Келіп түскен шағымдардың көбісі Оңтүстік Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ақмола облыстарынан және Алматы мен Астана қалаларынан. Нақтырақ айтқанда, Оңтүстік Қазақстан облысынан - 60, Солтүстік Қазақстаннан - 52, Шығыс Қазақстаннан - 43, Ақмола облысынан - 43, Алматы қаласынан - 65, Астана қаласынан 54 арыз-шағым келіп түскен.

Оның ішінде азаматтардың өзінен тікелей 298 арыз келсе, ҚР президентінің әкімшілігі арқылы - 73, басқа министрліктер мен ведомстволар арқылы - 49, "Нұр Отан" партиясы арқылы 31 арыз-шағым түсіп отыр. Олардың бәрі де қадағалаушы органның қарауына алынды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны