14.09.2016, 10:54 1991

Қазақстанныӊ Бас Прокуроры Халықаралық прокурорлар қауымдастығыныӊ конференциясына қатысты

Форумда әлемніӊ 80-нен астам елдерініӊ жоғары қадағалау органдарыныӊ басшылары бас қосты.

Астана. 14 қыркүйек. Kazakhstan Today - Қазақстанныӊ Бас Прокуроры Жақып Асанов "Прокурор және тергеуші" тақырыбында 2016 жылы 12-14 қыркүйек аралығында Ирландия Республикасыiu? anoaianu Дублин қаласында өткен Халықаралық прокурорлар қауымдастығыныӊ (ХПҚ) 21-ші жыл сайынғы конференциясы және жалпы отырысына қатысты. Форумда әлемніӊ 80-нен астам елдерініӊ жоғары қадағалау органдарыныӊ басшылары бас қосты, деп хабарлады ведомство.

Ашылу рәсімінде Ирландия Республикасы Мемлекеттік прокуратурасыныӊ басшысы Клэр Лофтус пен Халықаралық прокурорлар қауымдастығыныӊ Президенті Герхард Ярош сөз сөйледі.

Күн тәртібіндегі басты тақырыптар прокурорлар мен тергеушілер қарым-қатынасы, өзара құқықтық көмек туралы халықаралық шартардыӊ рөлі, киберқылмыспен, сыбайлас жемқорлықпен, терроризммен және қылмыстыӊ басқа да ұйымдасқан түрлерімен күресу, халықаралық қылмыстық сот төрелігі және дағдарыс жағдайындағы тұрмыстық мәселелер болды.

Форумға қатысушылар трансұлттық ұйымдасқан қымыстыӊ алдын-алу, адам құқықтарыныӊ кепілін қамтамасыз ету, әділ сот, заӊ үстемдігі, қылмыстық жолмен табылған кірістер пен активтерді қайтару механизмдерін реттеу үшін прокуратура органдары арасындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайту, тәжірибе және ақпарат алмасуды белсендендіру қажеттілігін атап өтті.

Қатысушылардыӊ ортақ пікірі бойынша күн тәртібі мәселелерін талқылаудыӊ өзектілігі халықаралық және аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қоғам және мемлекет мүдделерін қорғау бойынша әр түрлі елдердіӊ қадағалаушы органдарыныӊ күштерін жұмылдыруға уағдалы.

Форум аясында Ж.Асанов Дубай Имірліктері, Ирландия Республикасы, Канада, Таиланд, Түркия, Чехия, Швейцария бас прокурорларымен, АҚШ, Сауд Арабиясы, Изірбайжан бас прокурорларыныӊ орынбасарларымен, сондай-ақ ХПҚ басшылығымен келіссөздер өткізді. Иріптестер халықаралық ұйымдасқан қылмыспен, есірткі саудасы, экстремизм және лаӊкестікпен күресу аясындағы ынтымақтастықтыӊ маӊызды мәселелері бойынша пікір алмасты. Сонымен қатар шарттық-құқықтық базаны кеӊейту және күшейту, жедел ақпарат алмасу мәселелері қозғалды.

Келіссөздер барысында өзара ынтымақтастықтыӊ өзекті мәселелері және болашағы талқыланды. Сұхбаттасушылар трансұлттық ұйымдасқан қылмыспен, экстремизм және терроризммен, есірткі саудасымен күресу бойынша өзара ықпалдастық, сонымен қатар адам құқықтарын қорғау, шарттық-құқықтық негізді нығайту, жедел ақпарат және жұмыс тәжірибесімен алмасуға қатысты пікір алмасты.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны