01.10.2009, 16:16 3154

Қазақстанның Бас прокуроры Қайрат Мәми браконьерлік ұйымдасқан қылмыстық топтар мен оларды қорғаушы шенеуніктерді әшкерелеуді тапсырды

Қазақстанның Бас прокуроры Қайрат Мәми браконьерлік ұйымдасқан қылмыстық топтар мен оларды қорғаушы шенеуніктерді әшкерелеуді тапсырды

Астана. 1 қазан. Kazakhstan Today - Қазақстанның Бас прокуроры Қайрат Мәми браконьерлікпен шұғылданатын ұйымдасқан қылмыстық топтар мен оларды қорғаушы шенеуніктерді әшкерелеуді тапсырды, деп хабарлайды Kazakhstan Today Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бас прокурор бұл тапсырманы кеше Бас прокуратурада Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарының Үйлестіру кеңесінің кезекті мәжілісінде жүктеді.

Мәжілісте құқық қорғау органдарының табиғат қорғау ведомстволарымен экологиялық құқық бұзушылықтарға қарсы өзара бірлесе әрекет ету, Орал-Каспий бассейндегі браконьерлікпен күрес тиімділігін арттыру мен Қазақстанның Өзбекстан, Қырғызстан республикаларымен шекарасындағы контрабанда, есірткі трафигі, рұқсатсыз көші-қон және басқа да құқық бұзушылықтардың жолын кесу мәселелері қаралды.

ҚР Құқық қорғау органдарының Үйлестіру кеңесінің отырысында Бас прокурор сондай-ақ, сексеуілді Қызыл кітапқа енгізуді ұсынды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны