28.04.2018, 00:46 4704

Қазақстанныӊ Бас Прокуроры мен Ресей Тергеу комитетініӊ төрағасы бірқатар келісімге қол қойды

Қазақстанныӊ Бас прокуратурасы соӊғы 5 жылда Ресейден сұратылған тұлғаларды беру туралы 131 өтінішхатты қанағаттандырды. Ал Ресей жағы 272 азаматымызды елге экстрадициялады.

Астана. 28 сәуір. KazakhstanToday - 2018 жылғы 26 сәуірде Бас Прокурор Қайрат Қожамжаровпен Ресей Федерациясы Тергеу комитетініӊ төрағасы Александр Бастрыкин кездесті.

Қазақстанғажасаған сапары үшін А.Бастрыкинге алғыс білдірген Қ.Қожамжаров, құқық қорғау саласындағы екіжақты қарым-қатынастыӊ маӊыздылығын атап өтті.

"Қазақстан мен Ресей стратегиялықсеріктес елдер, соныӊ ішінде қылмыстылыққа қарсы іс-қимыл мәселесінде", - деді Бас Прокурор.

Өз тарапынан А.Бастрыкин екі жақты ынтымақтастықтыӊ тарихи ерекшелігін атап өтті. "Тергеу комитетініӊ 11 жылдық қызметінде арамызда нақты қарым-қатынасты орнаттық. Олар негізгі тәжірибелік тергеу бағытында жүргізіледі",-деді ол.

Қазақстанныӊ Бас прокуратурасы соӊғы 5 жылда Ресейден сұратылған тұлғаларды беру туралы 131 өтінішхатты қанағаттандырды. Ал Ресей жағы 272 азаматымызды елге экстрадициялады.

112 сотталған қазақстандық жазасын одан әрі қарай елде өтеу үшін Ресейден алдырылды. Өз кезегінде Ресейге 242 орыс азаматы қайтарылды.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан Республикасыныӊ Бас прокуратурасы және Ресей Федерациясы Тергеу комитетініӊ арасындағы ынтымақтастық туралы Келісімге, сонымен қатар "Байқоӊыр" кешені аумағындағы өзара қатынас жөніндегі Келісімге қол қойды.

Тараптар бірінші Келісім аясында қылмыстылыққа қарсы іс-қимыл кезінде, қылмыстарды ашу мен тергеп-тексеру барысында әдіс-тәсілдермен бөлісуге, соныӊ ішінде террористік, экстремистік және сыбайлас жемқорлық, экономика мен жоғары технологиялар бағытында тәжірибе бөлісуге келісті.

"Байқоӊыр" кешені аумағына қатысты ынтымақтастық туралы Келісім азаматтардыӊ құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз етуде, қылмыстық істер бойынша алдын ала тергеп-тексеруді жүргізуде Қазақстан-Ресей серіктестігін одан әрі нығайта түседі.

"Сапар барысында жасалған Келісімдер біздіӊ ынтымақтастығымызға жаӊа серпін беріп, бүгінгі күнніӊ қауіп-қатеріне төтеп беруде күшімізді арттырады",- деп өз сөзін қорытындылады Бас Прокурор.

ҚР Бас прокуратурасыныӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны