21.04.2016, 14:30 3813

Қазақстанныӊ батысында ауқымды "Қаратау-2016" оқу-жаттығуы өтуде

ҚР Қарулы Күштерініӊ Жоғарғы Бас қолбасшысы Н. Назарбаевтыӊ тапсырмасымен 18-24 сәуір аралығында "Батыс" өӊірлік қолбасшылығында әскерлердіӊ ауқымды оқу-жаттығуы өтуде. Искери жаттығу Маӊғыстау, Атырау, Қызылорда және Оӊтүстік Қазақстан облыстарыныӊ аумағында өтіп жатыр

Астана. 21 сәуір. Kazakhstan Today - ҚР Қарулы Күштерініӊ Жоғарғы Бас қолбасшысы Н. Назарбаевтыӊ тапсырмасымен 18-24 сәуір аралығында "Батыс" өӊірлік қолбасшылығында әскерлердіӊ ауқымды оқу-жаттығуы өтуде. Искери жаттығу Маӊғыстау, Атырау, Қызылорда және Оӊтүстік Қазақстан облыстарыныӊ аумағында өтіп жатыр, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Бүгін қорғаныс ведомствосыныӊ басшысы Иманғали Тасмағамбетов "Батыс" және "Оӊтүстік" өӊірлік қолбасшылығыныӊ әскерлері, 25744, 86717, 30238, 75488 әскери бөлімдерініӊ, сондай-ақ, ҰҚК Шекара қызметі және ҚР ІІМ Ұлттық гвардия әскери қызметшілерініӊ қатысуымен өтіп жатқан "Қаратау-2016" оқу-жаттығуыныӊ барысын бақылады, деп хабарлады Қорғаныс министрлігініӊ баспасөз қызметі.

"Қаратау-2016" оқу-жаттығуы жоспар бойынша әскери бөлімдер мен басқару органдарын жауынгерлік даярлықтыӊ жоғары дәрежесіне келтіру және ауқымды әскери операциялар өткізуге жағдай жасаудан басталды. Екінші және үшінші кезеӊде әскери бөлімдер мен құрылымдар бірлескен оқу-тактикалық шараларды дайындап, өткізуге атсалысады.

Аталған жаттығулар "Батыс" өӊірлік қолбасшылығыныӊ бөлімдері мен құрылымдарыныӊ, басқару органдарыныӊ ауқымды әскери операцияларды жүргізудегі шынайы даярлығын бағалауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл ҰҚК Шекара қызметі және ҚР ІІМ Ұлттық гвардия сияқты әскери құрылымдардыӊ бірлескен әрекетін жетілдіру мен бақылауды күшейту үшін қажет екенін атап өткен жөн.

Осындай жаттығулар жеке құрамды жауынгерлік шыӊдау, дене даярлығы мен төзімділігін бекіту және алыс қашықтыққа әскерді жеткізу дайындығын нығайтуға бағытталады.

"Қаратау-2016" оқу-жаттығуына 7 000-нан аса әскери қызметші қатысуда. Жалпы саны 2500-ге жуық қару-жарақ пен әскери техника, оныӊ ішінде 70-тен аса ҚР ҚК ИҚК және ҚР Шекара қызметініӊ әуе техникасы тартылған.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны