27.09.2010, 14:12 4304

Қазақстанның денсаулық сақтау министрі ауырып жатыр

Қазақстанның денсаулық сақтау министрі ауырып жатыр

Астана. 27 - қыркүйек. Kazakhstan Today - Жақсылық Досқалиев ауырып жатқандығына байланысты ҚР денсаулық сақтау министрі лауазымынан босатылған жоқ. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Естеріңізге сала кетсек, үстіміздегі жылдың 21-қыркүйегінде ҚР Экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі ҚР Денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиевтің үстінен қылмыстық іс қозғаған болатын.

"Біз қандай да бір түсінік бере алмаймыз, ол (Ж. Досқалиев - агенттік ескертпесі) ауырып жатыр",- деп хабарлады баспасөз қызметінен.

Қаржы полициясы "тергеу мүддесін" желеу етіп, аталмыш қылмыстық іске қатысты мән-жайды ашып айтпай отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны