29.01.2010, 16:33 3554

Қазақстанның эфирін отандық телехабарларға үлкен қысым түсіретін шетелдік бағдарламалар жаулап алған - Назарбаев

Қазақстанның эфирін отандық телехабарларға үлкен қысым түсіретін шетелдік бағдарламалар жаулап алған - Назарбаев

Астана. 29 қаңтар. Kazakhstan Today - Қазақстанның эфирін отандық телехабарларға үлкен қысым түсіретін шетелдік бағдарламалар жаулап алған. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін "Нұр Отан" ХДП саяси кеңесі бюросының отырысы барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"БАҚ-тың алдында үлкен жұмыс күтіп тұр. Мен бұл туралы кейін, жеке кездескен кезде айтамын, бәрінін алдына міндеттер қою қажет. Онда біз шешуге тиісті мәселе көп. Біз Қазақстанның эфирін отандық телеарналар мен бағдарламаларға үлкен қысым түсіретін сан алуан шетелдік бағдарламалармен толтырып жібердік", - деді Н. Назарбаев.

"Қазақстанда көптеген басылымдар шығады, бірақ онда Қазақстан туралы бір сөз де жоқ. Оларға осында келуге кім рұқсат берген? Эфирін басқа елге беріп жіберген қандай ел бар? Англияда "Хабарды" ашып көрші, қанеки. Ал осында ойға келгеннің бәрі істеледі. Бұл салада тәртіп орнату керек, осы бағдарламаны насихаттау үшін ауқымды шаруа тындыру керек", - деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны