11.05.2014, 19:51 3316

Қазақстанның елордасында "Астана Таңдауы" байқауы жалауын көтерді

Жалпы, Астана қаласының тұрғындар саны 2014 жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша 821,9 мың адамға жетті. Ал, жұмыссыздық деңгейі 2013 жылмен салыстырғанда 5,5%-ға , жастардың жұмыссыздығы 7,7%-ға дейін төмендеді.

Алматы. 11 мамыр. Kazakhstan today. "Астана Таңдауы" байқауы қала әкімі Иманғали Тасмағамбетовтың бастамасымен өткізіліп келеді. Ол ұстаз, дәрігер, қоғамдық көлік жүргізушісі, құрылысшы, энергетик, жол жөндеуші мен полицияның учаскілік инспекторы мамандықтары бойында үздік маманды анықтауға мүмкіндік береді, деп "Бәйтерек" халықаралық медиа-орталығынан хабарлады.

Қатысуға ниет танытқандар 31 мамырға дейін өтініш берсе болады. Ал, маусымның 1 мен 20 аралығында байқаудың екінші кезеңі басталады. Онда тұрғындар www.astana.gov.kz сайтында үздік елордалық тұрғынға дауыс береді.

Айта кетерлік жайт, "Астана Тандауы" додасының жеңімпаздары қошемет пен қатар материалдық сыйлықтар алады.

Бүгінде Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметі бойынша еңбек нарығында инженер, механик, энергетик, электрик, газ және электр дәнекерлеуші, мұғалім, дәрігер мен тәрбиеші мамандарына сұраныс жоғары.

Бұдан басқа, қалаға экономикалық және зеңгерлік сала бойынша мамандар қажеттілігі төмен.

Жалпы, Астана қаласының тұрғындар саны 2014 жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша 821,9 мың адамға жетті. Ал, жұмыссыздық деңгейі 2013 жылмен салыстырғанда 5,5%-ға , жастардың жұмыссыздығы 7,7%-ға дейін төмендеді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны