21.06.2013, 10:28 2753

Қазақстанның фермерлік қожалықтары жарты жылда 24 мыңға жуық аналық ірі қара мал басын сатып алған

Қазақстанның фермерлік шаруашылықтары 24 мыңға жуық аналық ірі қара мал басын сатып алған, деп хабарлады ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков ҚР Парламенті Мәжілісіндегі Үкімет сағаты барысында.

Астана. 21-маусым. Kazakhstan Today - Қазақстанның фермерлік қожалықтары жарты жылда 24 мыңға жуық аналық ірі қара мал басын сатып алған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстанның фермерлік шаруашылықтары 24 мыңға жуық аналық ірі қара мал басын сатып алған, деп хабарлады ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков ҚР Парламенті Мәжілісіндегі Үкімет сағаты барысында.

"2013 жылы фермерлік шаруашылықтардың 42 мың ірі қара мал басын сатып алуы жоспарланған, 17 маусымға жағдай бойынша 23 924 мың аналық ірі қара мал басы және 1409 асыл тұқымды бұқа сатып алынған", - деді ол.

Бұдан өзге, асыл тұқымды мал басын арттыру шараларымен қатар "Сыбаға" жобасы арқылы 2015 жылға дейін 72 мың асыл тұқымды ірі қара мал импорты қарастырылған.

Осылайша, екі жыл ішінде 30 мыңнан астам мал басы импортталған. Етті бағыттағы ірі қара мал әкелу жоспары 2011 жылы 35%-ға артық орындалса, 2012 жылы бұл көрсеткіш 38%-ды құраған. Үстіміздегі жылы 14 мың ірі қара мал басын әкелу жоспарланған.

"ҚазАгро (мемлекеттік холдинг) көрсетілген мал басын әкелуге өтінімдерді мақұлдады. Тағы да баса айтып кеткім келетіні малды кәсіпкерлердің өздері тасиды, малды таңдау, оның бағасы және тасымалдау шарттарын АШМ немесе ҚазАгро емес, бизнес өзі анықтайды", -деп атап өтті АШМ басшысы.

Сонымен бірге, министр ағымдағы жылы 30,4 мың орынға арналған жемдеу алаңдарының желісін құру жоспарланғанын хабарлады.

Министр сөйлеген сөзінде мал иелері құрылымдарын ауыл қалыптасытруларының пайдасына өзгерту керектігін айтты.

"Тек өнеркәсіптік, кәсіби өндіріс қана шығынды азайту арқылы өнімнің қажетті бәсекеге қабілеттілігін бере алады. Бұл жерде фермерлер міндетті түрде ірі болу керек деген сөз емес. Керісінше, АШМ-нің пікірінше, аналық ірі қара мал басының орташа саны фермерлік қожалықтарда 50-ден бастап 200 басқа дейін болуы тиіс. Және де аналық мал басын субсидиялау кезінде мал санына ешқандай талап қойылмайды", - деп қортындылады ҚР АШМ басшысы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны