31.08.2016, 17:21 6872

Қазақстанныӊ ХҚКО-ларында 2017 жылдан бастап қызметтіӊ 600 түрі көрсетілетін болады

Коропорацияда Мемлекеттік қызмет көрсету дирекциясы, Илеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы, Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті теxникалық тексеру дирекциясы атты үш бөлімше құрылды

Астана.31 тамыз. Kazakhstan Today - Осы жылдыӊ сәуір айында құрылған "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы Басқарма төрағасыныӊ орынбасары Медет Құмарғалиев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте корпорацияныӊ аз уақыт ішінде атқарған жұмысына тоқталып өтті.

"Азаматтарға арналған үкімет" корпорациясы бүгінгі таӊда 368 фронт-офисте 530 мемлекеттік қызмет көрсетеді. Бұл жалпы мемлекеттік қызметтер саныныӊ 70 пайызын құрайды. Қазіргі кезеӊде жұмыс істеп тұрған офистерді бір ереже бойынша жаӊғырту маӊызды рөл атқарады. Бүгінде әрбір офисте корпорация арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердіӊ бірыӊғай ақпараттық жүйесі, кедергісіз қызмет көрсету, электронды кезек енгізілген. Сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету процесін шынайы уақыт режимінде қадағалауға мүмкіндік беретін орталыққа қосылу жүзеге асырылған",- дейді М. Құмарғалиев.

Оныӊ айтуынша, бөлімдердіӊ басым бөлігі "Дүйсенбі-сенбі" күндері сағат 9.00-ден 20:00-ге дейін қызмет көрсету режиміне көшкен. Мемлекеттік корпорация құрылымында қайта ұйымдастыру нәтижесінде үш құрылымдық бөлімше құрылыпты.

"Коропорацияда Мемлекеттік қызмет көрсету дирекциясы, Илеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы, Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті теxникалық тексеру дирекциясы атты үш бөлімше құрылды. Бірыӊғай лауазымдар тізілімі құрылып, еӊбекақы төлеу жүйесі теӊестірілді. Бұл ұйымдастырылған құрылымды оӊтайландыруға және сәйкестендіруге мүмкіндік берді. Соныӊ нәтижесінде басшылық құрамы 53 пайызға оӊтайландырылды",- дейді Басқарма төрағасыныӊ орынбасары.

Осы оӊтайландыру бюрократиялық масылдан арылуға мүмкіндік беріпті. Сондай-ақ еӊбекақыныӊ жалпы қорын ұлғайтпай-ақ корпорациядағы қарапайым қызметкерлердіӊ еӊбекақысы 20 пайызға көтерілген көрінеді.

"Мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жұмысқа орналастыруға баса назар аударылады. Олардыӊ 365-і қазіргі кезде мемлекеттік корпорацияныӊ құрылымдық бөлімшелерінде қызмет атқаруда",- деп түйіндеді М. Құмарғалиев.

Жыл басынан бері қазақстандықтарға ХҚКО-лары 87 млн интернет-консультация өткізді, деді Медет Құмарғалиев.

Оныӊ айтуынша, мемлекеттік корпорацияны құру нәтижесінде бүгінде мемлекеттік корпорацияныӊ Қазақстан бойынша 530 мемлекеттік қызметті көрсететін 368 фронт-офисі жұмыс істеуде, ол жалпы мемлекеттік қызметтер саныныӊ 70% құрайды.

"Қазіргі кезеӊде жұмыс істеп тұрған офистерді бір ереже бойынша жаӊғырту маӊызды рөл атқарады. Бүгінде әрбір офисте корпорация арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердіӊ біріӊғай ақпараттық жүйесі, кедергісіз қызмет көрсету, электронды кезек енгізілген, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету процесін шынайы уақыт режимінде қадағалауға мүмкіндік беретін ахуалдық орталыққа қосылу жүзеге асырылған. Бөлімдердіӊ басым бөлігі "Дүйсенбі-сенбі" күндері сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін қызмет көрсету жұмыс режиміне ауысқан", - деп хабарлады Құмарғалиев.

Сондай-ақ, Басқарма төрағасы орынбасарыныӊ айтуынша, мемлекеттік корпорацияда мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жұмысқа орналастыруға баса назар аударылады, олардыӊ 365-і қазірге кезде мемлекеттік корпорацияныӊ құрылымдық бөлімшелерінде қызмет атқаруда.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны