05.05.2008, 16:23 3005

Қазақстанның ІІМ биылғы жылы еңбек миграттарының саны 25 % ұлғаяды деп болжауда

Қазақстанның ІІМ биылғы жылы еңбек миграттарының саны 25 % ұлғаяды деп болжауда

Астана. 5 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанның ІІМ биылғы жылы еңбек миграттарының саны 25 % ұлғаяды деп отыр. Бұл туралы бүгін апта сайын өткізілетін брифингте ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметінің жетекшісі Бағдат Қожахметов мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Жазғы маусым басталғаннан кейін көрші мемлекеттерден ағылатын еңбек миграттарының легі айтарлықтай ұлғаятын болады. Өткен жылы ресми түрде 2 млн 6 мың азамат тіркелді, бұл 2006 жылмен салыстырғанда 17 % артық. Биылғы жылы оның көлемі бір ширекке артады деп отырмыз", -деді Б. Қожахметов. Ол атап өткеніндей, өткен жылы 139 мың мигрант Қазақстанда тұру ережесін бұзғаны үшін әкімшіліктік жауапқа тартылды.

ҚР ІІМ өкілдерінің сөздері бойынша жыл басынан бері "ішкі істер органдарында 250 мың шетел азаматы тіркеліп, олардың 33 мыңы елге келу тәртібін бұзғаны үшін әкімшіліктік жауапқа тартылып, 4 мыңы елден аластатылды".

"Қазақстаннан шығару жөніндегі соттың қаулысын орындамай, заңсыз миграцияны ұйымдастырғандарға қатысты 54 қылмыстық іс қозғалды. Заңды бұзған шетелдік азаматтардың басым бөлігін Өзбекстан, Қырғызстаннан келгендер құрайды ", -деп түсірді Б. Қожахметов.

"Заңсыз шетелдік жұмыс күшін жұмылдырғаны үшін 700 жергілікті жұмыс беруші жауапқа тартылды", -деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны